Елімізде үш жаңа кеден бекеті ашылды
gengruz.com
Елімізде жаңадан үш кеден бекеті ашылды деп, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Олар: «Құрық», «Қара шекпен» бақылау-өткізу пункті, «Түркістан-КРО» кеден бекеті.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының штаттық кестесі мен құрылымын бекіту туралы» Қаржы министрлігінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №1228 бұйрығына сәйкес мемлекеттік кірістер департаменттерінің құрылымына мынадай өзгерістер енгізілгенін хабарлайды:
1) Алматы қаласы бойынша МКД:
- «Алмалы - КРО» кеден бекеті қысқартылды;
2) Ақмола облысы бойынша МКД:
- «Атбасар» кеден бекеті қысқартылды;
3) Маңғыстау облысы бойынша МКД:
- «Қашаған» кеден бекеті қысқартылды;
- «Морпорт» к/б «Қара шекпен» бақылау-өткізу пункті құрылды;
- «Құрық» кеден бекеті құрылды
4) Түркістан облысы бойынша МКД:
- «Түркістан-КРО» кеден бекеті «Түркістан-КРО-Әуежай» кеден бекеті болып қайта аталды.
Сонымен қатар, 2021 жылғы 14 қаңтардан бастап қысқартылған кеден бекеттерінде кедендік декларацияларды беру мүмкіндігі тоқтатылады.
Осыған байланысты декларанттар мен кеден өкілдері кедендік декларацияларды беру үшін қызмет аймағында тауарлар кедендік бақылауда болатын басқа кеден бекетін таңдауға құқылы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық