Елімізде «саяси тұтқындар» неліктен көбеюде?
30 қараша Құқық қорғаушылар саяси қуғындалған белсенділер қатары толығып жатқанын хабарлап, жаңа тізіммен бөлісті. «Саяси тұтқындар» қатарын толықтырушылар ҚК 405-бабы бойынша «Тыйым салынған ұйымның ісіне араласты» күдікке ілінген:
- Асқар Әжігүжинов (Атырау) – қазан айының соңында «Тыйым салынған ұйымның ісіне араласты» деген күдікпен Атырау қаласындағы уақытша изоляторға қамалған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, марқұм Дулат Ағаділдің отбасына көмектескені үшін және қоғамдық маңызды мәселелерді талқылауға қатысқаны үшін бірнеше рет қудаланған.
- Ұласбек Ахметов (Алматы) – қазан айының соңында «Тыйым салынған ұйымның ісіне араласты» деген күдікке ілініп, Алматы қаласының уақытша изоляторға қамалған. Ол да Ағаділ асы өткен Талапкердегі «заңсыз шеруге қатысты» деп айыпталып, әкімшілік жазаға тартылған.
- Мұратбай Баймағамбетов (Қызылорда) – «Тыйым салынған ұйымның ісіне араласты» деген күдікке ілініп, Қызылордадағы тергеу изоляторына екі айға қамалған. Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын қолдағаны үшін істі болған. Құқық қорғаушылар мәліметінше, билікті сынағаны үшін талай рет әкімшілік жазаға тартылған. Қызылордада жолақысын 50 пайызға арзандатуды және бензин бағасын төмендетуді, саяси тұтқындарды босатуды талап етіп, пикет өткізген.
- Бағдат Бақтыбаев (Шу қаласы) – «Тыйым салынған ұйымның ісіне араласты» деген күдікке ілініп, тергеу изоляторына қамалған. Ол көктем айларында коронавирусқа байланысты карантин жарияланып, билік 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы төлеуге уәде берген кезде пошта алдындағы ұзын-сонар кезектерді түсіріп, ұсталған. Ақпан айында Алматыда жалғыз адамдық пикет өткізіп, саяси тұтқындарды босатуды талап еткен. Шу қаласында «Қазақстанда заң жоқ» деген жазуы бар плакатпен пикет өткізген. Сол үшін бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылған.
- Марат Дүйсембиев (Шымкент қаласы) – «Тыйым салынған ұйымның ісіне араласты» деген күдікке ілініп, тергеу изоляторына қамалған. 29 қыркүйектен бері қамауда отыр.
- Асқар Нұрмағанов (Қарағанды) – «Тыйым салынған ұйымның ісіне араласты» деген күдікке ілініп, 25 тамыздан бері тергеу изоляторында қамауда отыр. Азаматтық белсенділігі үшін әкімшілік жазаға тартылған.
- Ноян Рақымжанов(Алматы) – «Тыйым салынған ұйымның ісіне араласты» және «Экстремистік топтың ісіне араласты» (182-бап, 2-бөлім) деген күдікпен тергеу изоляторында отыр. Азаматтық белсендігі үшін қудаланған.
- Шухрат Кибиров (Алматы) – ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті оны 2017 жылдың сәуірінде қамауға алып, «діни араздық қоздыру» және «терроризмді жария түрде насихаттау» баптары бойынша айыптар таққан. Сол жылы қараша айында Алмалы аудандық соты оны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырған. Кибировке тағылған айыптың дәлелі ретінде тергеушілер 2014 жылы Вконтакте әлеуметтік желісінде «Алим Ахметов» есімімен ашылған аккаунтта жариялаған араб және шешен тіліндегі төрт діни әннің (нашидтердің – ред.) аудиожазбасын келтірген. Шухрат Кибиров сотта өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Ол қазір Петропавл қаласындағы ЕС-164/3 мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
Кибировтан басқа 7 белсендінің барлығы елде тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы және «Көше» партияларына қатысы бар деп күдікке ілініп отыр. Қазақстан соты «экстремистік ұйым» деп таныған ҚДТ-ны Еуропарламент «бейбіт оппозициялық ұйым» деп атаған.
Айта кетсек, Қазақстандық құқық қорғаушылары саяси тұтқындар тізімін соңғы рет қыркүйек айында жаңартқан. Оған Санавар Закирова, Асқар Ибраев, Серік Ыдырысов, Асхат Жексебаев, Абай Бегімбетов, Қайрат Қылышевті қосқан еді. Сол кезде де тізімге енгендердің көбі 405-бап бойынша айыпталған еді.
Саяси тұтқындар тізімін жаңартқан сарапшылар құрамына Ғалым Агелеуов, Лұқпан Ахмедияров, Зәуреш Батталова, Гүлмира Біржанова, Анар Ибраева, Евгений Жовтис, Ерлан Қалиев, Бақытжан Төреғожина, Амангелді Шорманбаев кірді.
Қазақстанда алғашқы саяси тұтқындар тізімі 2013 жылы жасалған. Құқық қорғаушылар саяси тұтқын деп танығандар қатарында ақын әрі диссидент Арон Атабек, 2016 жылғы Жер митингісінен кейін сотталып, түрмеде отырған белсенді Макс Боқаев, жаңаөзендік белсенді Ержан Елшібаев та бар.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, Қазақстанда жалпы 22 саяси тұтқын темір тордың ар жағында.
Автор: Ибрахим Бірлік
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық