Елімізде мектеп оқушыларына планшет беру бастамасы қолдау таппады
Фото: Freepik.com
Қазақстандық оқушылардың оқулықтары планшетпен алмастырылмайды. 2022 жылы жарияланған жоба іске аспай қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Үш жыл бұрын үкімет оқушылардың ауыр сөмке мәселесін қарап, оқулықтарды планшетке ауыстыруды жоспарлаған еді. Алайда бұл бастама өзін ақтамағаны белгілі болды. Бұл туралы мәжіліс маңайында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
«Оқулықтар планшетпен алмастырылмайды. Себебі тәжірибе мен сарапшылардың зерттеуі көрсеткендей, бұл әдіс әлемде өз тиімділігін дәлелдей алмады, өзін ақтамады. Сондықтан қазір көптеген елдер планшеттен бас тартып жатыр, басқа жолдарын іздеу қажет. Қазір біздің мамандар осы мәселе бойынша жұмыс істеп, жаңа стандарт пен жаңа бағдарлама енгізуге кірісті», – деді министр.
Оқушылардың иығындағы жүкті азайту үшін министрлік көптеген оқулықтарды цифрландырды, жұптық сабақтарды енгізу мен үш ауысымды оқытуды толығымен жоюды жоспарлап отыр.
«Оқулықтар цифрландырылды. Қазір бізде цифрлық оқулықтар бар. Екіншіден, үш ауысымнан бір ауысымға көшуге ұмтылуымыз керек. Үшінші қадам – осы шаралардың арқасында мектептерде сабақ кестесін дұрыс реттеу мүмкіндігі пайда болады. Жұптық сабақтарды қою қажет, осы әдістердің барлығы түпкілікті шешім қабылдауға ықпал етеді», – деп қосты Бейсембаев.
Оның айтуынша, қазір Қазақстанда үш ауысымда оқытатын шамамен 40 мектеп бар. Ол жылдың соңына дейін мұндай мектептер толық жойылатынына уәде етті.
Жаңалықтар
- Астанада өрттен үш бала опат болды: Құтқарушылардың жолын жапқан көлік жүргізушісі жазаланды
- ҰҚШҰ бас хатшысы Тоқаевқа алдағы жоспарын таныстырды
- Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілері тағайындалды
- Иранда өлім жазасына кесілгендер саны күрт артты
- Коронавирустың балаларға тез жұғатын жаңа штаммы пайда болды
- Венгрияда 16 жылдық билік құлады: Орбан неге жеңілді?
- Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады
- Бішкекте ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды
- Бектенов көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөнінде жиын өткізді: Көлік министрлігі сынның астында қалды
- Шымкентте өткен автофестивальда әзілкешті көлік қағып кетті
- Қалжалау дәстүрі: Қырық күн күтімнің жаңа форматы қандай?
- Яна Легкодимованы өлтіргендер әлі ұстау изоляторында: Этаптау үшін ұлттық ұланның арнайы қарауылы сұралған
- Қостанайда қайғылы жол апатынан 4 адам ажал құшты
- Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған BMW жүргізушісі ұсталды
- ҚМА: 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 млн теңге салған
- Державалардың таласы басталып кетті. Айға ұшудың мәні неде?
- Қаражат жинауға, мейрамханаға баруға тыйым салынады: Оқу-ағарту министрлігінің бітіру кешіне қатысты мәлімдемесі
- Шымкентте шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне жағдай жасағандар ұсталды
- Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін ашық мойындады
- Димаш Құдайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды