Елімізде интернет сапасы жақсарды
Фото: Pexels
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығының әлемдік рейтингінде 23 сатыға көтерілді.
Бұл туралы цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемдегі жетекші Ookla интернет жылдамдығын талдау компаниясының Speedtest Intelligence жаһандық мобильді индексіне сәйкес, Қазақстан бойынша мобильді деректерді жүктеудің медианалық жылдамдығы 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың желтоқсанына дейін 35,07 Мбит/с-қа дейін, 61%-ға өсті.
Бұл әсерлі прогресс Қазақстанның бірден 23 позицияға көтеріліп, 2023 жылдың желтоқсанында Өзбекстанды (95-орын), Қырғызстанды (100-орын) және Тәжікстанды (141-орын) басып озып, 72-орынға шығуға мүмкіндік берді.
Айта кету керек, Қазақстан 4G желісінде мобильді деректерді орташа жүктеу жылдамдығы бойынша да Орталық Азияда көш бастап тұр. Осылайша, 2023 жылдың төртінші тоқсанында 4G жүктеп алудың медианалық жылдамдығы 28,26 Мбит/с құрады, бұл Орталық Азия елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Бұл жетістік Өзбекстан (23,09 Мбит/с), Қырғызстан (26,76 Мбит/с) және Тәжікстанның (11,15 Мбит/с) нәтижелерінен асып түседі.
Орталық Азия аймағындағы 4G жүктеп алудың ең жоғары орташа жылдамдығы Алматыда тіркелді – 32,32 Мбит/с, бұл Қазақстанның ұялы байланысты дамытудағы жетекші орнын растайды. Сонымен қатар, Қазақстанның миллионнан астам тұрғыны бар қалалары, атап айтқанда Астана мен Шымкент 4G жүктеп алу жылдамдығын көрсетеді, бұл елдегі мобильді инфрақұрылымның жоғары дамуын растайды және аймақта жаңа стандарттарды белгілейді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қаскелеңде интернеттің нашарлығы үшін Tele 2 және Altel компанияларына 11 миллион теңге айыппұл салынған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық