Елімізде энергетикалық дағдарыс бар – министр Ақшолақов
Сурет: teknoblog.ru
Энергетика министрі Болат Ақшолақов бұған дейін еш жерде ресми түрде айтылмағанымен, елімізде энергетикалық дағдарыс бар екенін мойындады.
Дағдарыс себебі – жүйелердің ескіруі және негізгі қорларды жаңғыртудың баяу қарқыны. Бұл 2021 жылдан бері байқалып келе жатқан электр қуатының тапшылығына әкеліп соқтырады, ал Қазақстанда отандық энергия көздерінен құрал-жабдықтарды апатты түрде кәдеге жарату жиі кездеседі.
2021 жылмен салыстырғанда апаттық жағдайлар саны 22% болса, олардың тоқтау ұзақтығы 16%-ға артты. Өнеркәсіптік қуаттардың тозуы бүгінде 60% құрайды. Көрсеткіш 2020 жылдан бері көлемі жағынан өспеді, бірақ кеміген де жоқ. Бір таңқаларлығы, 2008 жылдан бері отандық энергетикалық компаниялардың шенеуніктер мен басқарушы директорларының ақпаратында пайда болған 60% көрсеткіш бүгінге дейін өзгерер емес.
Осы жерде дөкей сұрақ дүмп ете түседі: Үкімет 14 жыл ішінде неге энергетикалық жағдайды жақсартуға әрекет жасамаған?
Болат Ақшолақов мәселені шешу және президент тапсырмасын орындау мақсатында елімізде «Инвестицияға айырбас тариф» бағдарламасы жұмыс істей бастайтынын айтты.
— Тұтынудың рекордтық өсуі аясында бұл жағдай елдің энергетикалық қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Бұл ретте бұрын пайда болған тапшылық электр энергиясына шекті тарифтерді енгізу арқылы 2009-2015 жылдар аралығында қолданыста болған «Инвестициялар тарифі» бағдарламасы арқылы жабылды. Жоғарыда аталған уақыт аралығында 1,2 ГВт жаңа қуатты іске қосу және 1,7 ГВт қуатты қалпына келтіру арқылы орташа мерзімді қуат қоры құрылды, - деп түйіндеді министр.
Президент Тоқаев қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында елдегі электр желілерінің үштен екісінің тозығы жеткенін айтып, энергетика саласын сынға алған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық