Елімізде бір күнде тағы 152 адам коронавирустан көз жұмды
Қазақстанда коронавирустан бір күнде 152 адам, оның ішінде бір Алматының өзінде 40 кісі қайтыс болды.
Бұл туралы 15 тамыз күні Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Orda.kz.
32 адам «ковидтектес пневмониядан» (КВИ-), 120 адам ПТР тестімен расталған коронавирустан қайтыс болды. Алматыда 40, Шымкентте 20, Нұр-Сұлтанда 16, Маңғыстау облысында 15 кісі осы «ковидтектес пневмония» мен коронавирустан көз жұмды.
Елде кейінгі екі аптада күн сайын 8 мыңға жуық Covid науқасы тіркелуде. Мамандар мұны әлемге тез тараған «Дельта» нұсқасымен байланыстырып отыр. Алғаш рет Үндістанда тіркелген бұл нұсқа бастапқы вирусқа қарағанда тез жұғады, әрі қауіптірек саналады. Қазақстанда аурудың бұл нұсқасы маусым айының соңында тіркелді.
Індет басталғалы елде барлығы 687 мыңнан астам адамның анализінен коронавирус анықталған. Билік былтырғы 1 тамыздан бері ПТР тесті теріс шыққан, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын «ковидтектес пневмонияның» есебін жүргізіп келеді. Содан бері пневмонияның бұл түрімен 65,6 мың адам тіркелген.
19 миллион халқы бар Қазақстанда үкімет 10 миллион адамға вакцина салуды көздейді. 1 ақпаннан бері 6 миллион 74 мың адам екпе алып үлгерді. Олардың көбі вакцинаның бірінші компонентін салдырған. Екпені толық алғандар саны – 4,7 миллион адам.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық