Елімізде аумақтық қорғаныс туралы заң қабылданды
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Заң жобасында Қазақстанның қорғаныс жүйесіне «өзін-өзі қорғауды қалыптастыру» және «ерікті» деген жаңа ұғымдар енгізілген.
Әскери жағдай туындаған кезде немесе алда-жалда соғыс бола қалған жағдайда дәл осы Аумақты қорғау бөлімдері жергілікті әскери басқару органдарын құрады.
Жасаққа өз еркімен келген Қазақстан азаматтары қабылданады.
«Олардың арасында өзін-өзі қорғау жасағын құру кезінде Қарулы Күштер қатарына шақырылмаған және міндетті қатысуға жатпайтын тұлғалар да болады» делінген хабарламада.
Еріктілер елді мекендерді, аумақтық қорғаныс нысандарын сақтау мен қорғау, қорғаныс құрылыстарын салу, эвакуациялау шараларын жүргізу және т.б. тапсырмаларды орындауға тартылады.
«Жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін Қарулы Күштер құрамына еріктілерден тұратын жеке өзін-өзі қорғау құрамалары енгізілуі мүмкін» деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметі.
Егер еріктілер жауынгерлік тапсырмаларды орындаса, оларды Қорғаныс министрлігі қамтамасыз етеді. Көмекші тыл бөлімшелерінің еріктілерімен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың құзырында болады.
Ілеспе жобада Кәсіпкерлік кодекске және заңға аумақтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бес орган бойынша (Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар) түзету енгізілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық