Елімізде әлемнің жарығын сыйлаған – Аналар күні мерекесі
Фото: Егемен Қазақстан
Мамыр айының екінші жексенбісінде елімізде Аналар күні атап өтіледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Үкіметінің 2023 жылғы 31 мамырдағы қаулысында мерекелеу күні қыркүйектен мамырдың екінші жексенбісіне ауыстырылғаны белгіленген.
2024 жылы бұл мереке Қазақстанда 12 мамырда алғаш рет атап өтілді. Аналарды қорғау – мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерінің бірі екені баршаға мәлім.
«Отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы институтын және тәрбиені нығайту мақсатында көптеген елде тойланатын Ана күні мен Әке күні біздің елде де ресми мереке ретінде бекітілді» деп жазылған Қазақстан Үкіметінің 2023 жылғы хабарламасында.
Аналар күні – әлемнің көптеген елдерінде ананы құрметтеу, аналарға сүйіспеншілігі мен қамқорлығы үшін алғыс айту үшін атап өтілетін маңызды мереке.
Аналар күні мамыр айының екінші жексенбісінде АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Түркия, Жапония, Бразилия және Австралияны қоса алғанда 20-дан астам елде атап өтіледі. Бірқатар басқа елдер бұл мерекені бөлек күндерде атап өтеді.
Аналар күні - бүкілхалықтық мереке. Бұл мереке жарық дүниеге бала әкеліп, өсірген әйелдерге ғана емес, әлемнің жарығы мен шуағын силаған анасына алғысы бар әрбір адамға да қатысты.
Әлеуметтік Кодексте балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көзделген, оның ішінде бала күтімі бойынша төлем мерзімі 1,5 жасқа дейін ұзартылды.
Еңбек заңнамасында жұмыс істейтін аналардың құқықтары мен міндеттері реттелген. Жұмысқа қабылдау кезінде кепілдіктер беру және жүкті әйелдер мен балалары бар әйелдерді жұмыстан шығаруға тыйым салу, үш жасқа дейінгі балалары бар аналарға жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беру көзделген.
Қазақстандағы Әкелер күні маусымның үшінші жексенбісінде тойланады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық