Елімізде 7 млн-ға жуық бала «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында болашағына қаржы жинап жатыр
Фото: gov.kz
Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 7 миллионға жуық қазақстандық бала өз болашағына қаржы жинап жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Екі жыл ішінде Ұлттық қордан бөлінген жалпы қаражат 1,5 миллиард долларға жетті.
Балаларды қорғау күніне орай Үкіметте мемлекет медицина және әлеуметтік қолдау жүйесін толықтыра отырып, келер ұрпақтың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді тетіктерді енгізіп жатқаны айтылды.
Осындай тетік ретінде президент бастамасымен іске асырылған «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қабылданды. Бұл бағдарламаны Қаржы министрлігі жүзеге асырады. Жоба аясында Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы әрбір баланың арнайы жинақ шотына аударылады. Бұл қаражат балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын шешіп алуға болмайды. Жинақталған қаржыны тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға пайдалануға болады.
«Бағдарлама 2024 жылғы 1 қаңтардан ресми түрде іске қосылды. Ұлттық қордан қаражат аудару 2006 жылдан бастап туған барлық балаларға жыл сайын жүргізіледі. Қаржы министрлігінің мәліметінше, өткен жылы бұл бағдарламаға 2006 жылдан 2023 жылға дейін туған 6 919 131 бала қатысты. Олардың әрқайсысының шотына 100,52 доллардан аударылды. Жинақталған қаражат 695,5 миллион доллар болды. Бұл балалардың ішінде 2024 жылы 18 жасқа толған 304 815 балаға 30,6 миллион доллар төленді» деп жазылған үкімет хабарламасында.
2025 жылы қатысушылар саны 6 921 035 балаға жетті, оның ішінде 324 430 бала осы жылы 18 жасқа толады. Биыл әр балаға 129,38 доллардан есептелді. Бағдарламаға екі жыл қатарынан қатысып жатқан балалардың жалпы жинағы, инвестициялық табысты қоса алғанда, 232,94 долларды құрады. Ұлттық қордан бөлінген жиынтық қаржы 1,5 миллиард доллар болды.
Қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін жиналады, кейін оны тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім ақысын төлеуге пайдалануға болады. Осы мақсаттарға 118 мыңнан астам өтінім берілген, оның ішінде 97 мыңы орындалған. Жалпы төленген сома — 11 миллион 399,1 мың доллар.
Атап айтқанда, тұрғын үй жағдайын жақсартуға 63 871 өтінім берілген, оның 56 591-і мақұлданып, 6 миллион 647,9 мың доллар төленген. Білім алу үшін 54 270 өтінім түсіп, оның 40 466-сы орындалған және 4 миллион 751,2 мың доллар төленген.
Бүгінгі таңда «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы әрбір баланың болашағына қаржылық негіз құруға бағытталған ұзақ мерзімді мемлекеттік қолдау нысанына айналды.
Былтыр қаржы министрі Мәди Тәкиев Ұлттық қордың инвестициялық кірісі 2,6 % болғанын, ал келесі жылы ол 3% болады деп болжаған.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт