Елімізде 143 жасөспірім өзіне қол жұмсаған
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, өткен жылы елімізде 143 жасөспірім өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды ORDA тілшісі.
— ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, еліміздегі оқушылардың 12 пайыздан астам жәбірленуі мүмкін. Өткен жылдың өзінде 143 жасөспірім өзіне қол жұмсаған болса, 306 адам өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Яғни, әлем бойынша еліміз балалар арасындағы суицидтен алдыңғы қатардың бірінде тұр. Бұған қоса көп жағдайда суицидтің не үшін жасалып жатқаны да белгісіз, деді Мәжіліс депутаты Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Оның айтуынша «Балалар құқығын қорғау бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясындағы жұмыс тобы «жәбірлеу» түсінігін тек ұғым ретінде енгізуді қарастырып отыр.
— Яғни, тек алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру, балалар арасындағы алдын алу жұмысын жүргізу үшін қажет. Бұл құбылыстың орын алып отырғанын бәріміз білеміз. Ал бұл мәселені шешуде бірізділік жоқ. Мектептердегі жұмыстың әралуандығына алып келіп отыр. Жәбірлеудің жалғасы ретінде кибербулингтің орын алу қаупі аса жоғары. Яғни, баланың психикасына, жеке басына байланысты кемсіту іс-әрекеттерін әлеуметтік желілер, WhatsApp мессенджері, жеке СМС хаттар арқылы көпшілікке тарату орын алуы мүмкін. Сонымен қатар бұл түсінік бойынша ешқандай әкімшілік немесе қылмыстық іс-әрекеттерді енгізу жоспарланып отырған жоқ», деді Елнұр Бейсенбаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық