Елімізде 1 шілдеден бастап шығарылатын дәрілер таңбаланады
Фото: gov.kz
Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті түрде таңбалау 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап өндірілген дәрілерге ғана енгізіледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында белгілі болды.
Енді Үкіметтің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі қаулысына тиісті өзгерістер енгізілуде. Бұл дәріханалар мен дистрибьюторларға таңбалау кодтарын тіркеу және қадағалау үшін ақпараттық жүйелерді біріктіруді аяқтауға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың айтуынша, 1 маусымдағы жағдай бойынша 383 көтерме сауда қоймасының 287-сі қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Қазірдің өзінде 15 өңірге сынақ сапарлары өтті. Қалған 5-еуі жақын арада тексеріледі.
Жалпы, ел бойынша цифрлық таңбалау енгізудің оң динамикасы байқалады: Қазақстанға аяқ киімнің ресми (анықталған) импорты 2019 жылғы 39,5 миллион жұптан 2023 жылы 54,5 миллион жұпқа дейін өсті. Кәсіпорындарға аяқ киім қорын таңбалау үшін үш жылға жуық уақыт берілді (2021 жылдың 1 қарашасынан 2024 жылдың 1 маусымына дейін).
Сонымен бірге, кеден қоймаларының аяқ киімді таңбалауды жүргізуге дайындығы жеткіліксіз болғандықтан, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне импорттаушылардың жеке қоймаларында аяқ киімді таңбалауға рұқсат беру мәселесін пысықтау тапсырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық