Еліміз мәнерлеп сырғанаудан әлемдік рейтингтің көш басында
Фото: sportsarena.kz
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Төрт құрлық чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін ISU маусымдық рейтингінің көшбасшысы атанды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстандық 20 жастағы мәнерлеп сырғанаушы рейтингтің жаңа нұсқасында 2025 ұпай жинаса, қазір итальяндық Даниэль Грассиден 161 ұпайға озып кетті.
Бұл рейтинг 2024/2025 маусымындағы үздік көрсеткіштерге негізделген. Бұл ретте алдағы Олимпиада ойындарының басты фавориті америкалық Илья Малинин негізгі әлемдік рейтингтің көшбасшысы болып қала береді. Рейтингтің бұл нұсқасында Шайдоров 4-орында.

Михаил Шайдоров Денис Теннің жетістігін қайталап, 22 ақпанда Сеулде (Оңтүстік Корея) өткен төрт құрлық чемпионатында 285,1 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Шайдоровқа дейін қазақстандықтардың ішінде бұл турнирде Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанғанДенис Тен ғана жеңіске жеткен болатын.
2022 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында еліміздің тұңғыш күмісін жеңіп алған Михаил Шайдоров қазақтың мәнерлеп сырғанау тарихында ойып тұрып орын алды. Сондай-ақ спортшының Қазақстан чемпионатындағы екі жеңісі, әлемдік Гран-при кезеңіндегі жүлделері және Астанадағы соңғы Денис Тен мемориалындағы жеңісі де бар.
2024 жылы ол әлемдік Гран-при финалында бақ сынаған алғашқы қазақстандық ретінде есте қалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық