Еліміз бойынша Отан қорғаушылар күнгі шаралар
Отан қорғаушылар күніне орай республика бойынша бірнеше мерекелік шаралар өтті.
Бүгін, 7 мамыр, Қазақстанда Отан қорғаушылар күні атап өтілуде. Orda.kz. тілшісі Жетісу облысы Көксу ауданындағы техникалар көрмесін тамашалады. Онда тіпті жергілікті тұрғындар үшін тегін ас ұйымдастырылды.

Қонақтар әртүрлі әскери техникаларды, жедел жәрдем көліктерін, төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керектігін өз көздерімен тамашалады.

Жиналғандардың әрқайсысына ауыр артиллерияларды тамашалап, естелік суретке түсуге рұқсат етілді. Салтанатты шарадан кейін барлығына жаңа піскен бауырсақ, ыстық шай және дәмді палау ұсынылды.

Шымкентте, алаңда Мәдениет үйінің өнерпаздары, әскерилер мен мектеп оқушылары патриоттық әндер шырқады. Otyrar басылымының жазуынша, жиналғандарға әскери техникадан бөлек, сарбаздардың әскери жаттығулары да көрсетілді. Халық алдына шыққан әскерилер стратегиялық шабуылдардан үзінді көрсетті.

Осыған ұқсас түрлі шаралар еліміздің түкпір-түкпірінде өтті. Бірақ желіде астаналық видео тарады. Ол жерде жүк көлігінің жүргізушісі барлық көліктер кептелісте тұрғанда, сарбаздар мінген көлікке жақындап, олар отырған көлікке балмұздақ лақтырған, деп хабарлайды Патриот сайты.
Айта кетейік, 9 мамырда шерулер ресми түрде тоқтатылғанымен, кейбір қалаларда мерекелік шаралар өтеді.

Мәселен, Қостанайда қазірдің өзінде бірнеше жолды бірден жабу жоспарланған. Онда «Жеңіс сарбаздары – Солдаты Победы» аталған колонна Мәңгілік алауға дейін жүріп өтеді, деп хабарлайды «Наша газета». Сонымен қатар жоспар бойынша дәстүрлі жеңіл атлетикадан «Естелік» жартылай марафоны өтпек.

Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық