Еліміз 2025 жылғы Азия ойындарын 20 медаль алып, тарихи жеңіспен аяқтады
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатика мен шорт-тректен бірінші рет жеңіске жетіп, 20 медаль, оның ішінде төрт алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Orda.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтей отырып.
«14 ақпанда Қытайдың Харбин қаласында 2025 жылғы Азия ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы құрлықтық көпсалалы жарыста 20 жүлде жеңіп алды. Біздің спортшылардың еншісінде төрт алтын бар. Еліміз биатлоннан, сондай-ақ хоккейден, шорт-тректен және фристайлдан акробатикадан алға шықты» деп жазылған хабарламада.
Әлем бойынша көшбасшы саналатын Қытай споршыларын шаң қаптырған фристайл жеңісі еліміз үшін тарихи жеңіс, сондай-ақ шорт-трекшілер де алғаш рет алтын алды. Ерлер хоккейінде Қазақстан құрамасы бесінші рет Азия ойындарында жеңіске жетті.
Сонымен қатар, Қазақстан қоржынына тоғыз күміс және жеті қола медаль түсті.
Күміс медальдарды Евгений Кошкин (конькимен жүгіру), шорт-тректен әйелдер және аралас командалар, хоккейден әйелдер құрамасы, шаңғышы Константин Борцов, шаңғы жарысынан әйелдер командасы, биатлоншы Вадим Куралес, биатлоннан ерлер құрамасы және аралас жарыстарда фристайлшылар жеңіп алды.
Олжас Климин (шаңғы жарысы), командалық спринтте конькишілер, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров, шаңғы тебуден ерлер командасы, Аяна Жолдас (еркін акробатика), синхронды секіруден әйелдер еркін акробатика командасы және эстафетада биатлоншылар қола жүлде ұтып алды.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді