Елге 3,1 млрд теңгелік есірткі жеткізбекші болғандар әшкере болды
Фото: ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсы
Қазақстанда көлік полицейлері Т3,15 млрд теңгенің есірткісін жеткізіп, өткізбекші болған ірі арнаның жолын кесті, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру барысында 2025 жылғы 1 маусым мен 31 қазан аралығында көліктегі полиция департаменті қызмет көрсететін учаскеде «Қарасора-2025» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, шара аясында көлік полицейлері Т3 150 000 000 болатын есірткі жеткізумен және өткізумен айналысқан ірі арнаның жолын кесті» деп жазылған хабарламада.
159 есірткі қылмысы, оның ішінде трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрудың екі фактісі, есірткі өткізудің 22 фактісі, оны аса ірі мөлшерде сақтаудың сегіз фактісі, контрабанданың төрт фактісі, есірткіні насихаттаудың екі және құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің жеті фактісі анықталды.
Заңсыз айналымнан 705 келіден астам есірткі құралдары, соның ішінде Тараз қаласының 40 жастағы тұрғыны өсірген 239 келі марихуана, Жамбыл облысындағы жеке меншік үйдің ауласынан табылған құрамында есірткі бар 96 келі өсімдік, сондай-ақ 105 келі синтетикалық есірткі мефедроны тәркіленді.
«Тәркіленген есірткі құралдары кейіннен «қара нарықта» сатуға арналғаны анықталды. Көлік полициясының үйлестірілген іс-әрекеті нәтижесінде есірткіні жеткізу мен өткізуді ұйымдастыруға қатысы бар адамдар ұсталды, барлық материалдар бойынша процессуалдық тексеру жүргізілуде» деп атап өтті ІІМ.
Қараша айының басында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының 39 жасар тұрғыны ұсталып, оның үйінен 12 келіден астам есірткі табылған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық