Елена Рыбакина Уимблдон жүлдесінің бір бөлігін қайда жұмсайтынын айтты
Спортшы Елена Рыбакина ақшаның бір бөлігін жасөспірімдерді қолдауға, екінші бөлігін жануарлар үйіне жұмсауға ниетті.
«Біріншіден, мен жасөспірімдерге көмектескім келеді, көп бөлігін сонда бөлемін. Екіншіден, мен ақшаны жануарлар үйіне бөлгім келеді» деді Рыбакина Нұр-Сұлтандағы баспасөз мәслихатында.
Шара кезінде Рыбакинаға күшік сыйға тартылды.

Спортшы турнирге дайындық туралы да айтып өтті. Оның айтуынша, алғашқы ойындар жеңіл болған, бірақ финалда ол қобалжый бастаған.
«Матчтардың бәрі қиын болды, сондықтан осы қиын болды деп айта алмаймын. Эмоционалды түрде ең қиын матч – финал, өйткені мен соңғы екі күнде қатты қобалжыдым. Нашар ұйықтадым, басында бәрі тыныш еді. Бірақ финалда мен эмоцияларымның кесірінен өзімнің ең жақсы дайындығымды көрсете алмадым. Соған қарамастан, жақсы ойын көрсете алғаныма қуаныштымын» деп қосты спортшы.
Рыбакинаның айтуынша, финалдағы қарсыласы ерекше ойын көрсетіп, матч қиын болды. Енді чемпион америкалық турнирлерге дайындалады.
Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында Рыбакина азаматтығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, төлқұжатын көрсетті.
Еске салсақ, 9 шілдеде Елена Рыбакина Уимблдон финалында әлемнің екінші ракеткасы Тунис өкілі Онс Джабермен кездесті. Ол тарихи жеңіске қол жеткізіп, «Үлкен дулыға» турнирінде жеңіске жеткен қазақстандық тұңғыш теннисші атанды.
11 шілдеде спортшы Қазақстанға оралды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық