Елена Малышева кір арасындағы супербактериялар жайлы айтты
Дәрігер әрі тележүргізуші Елена Малышева супербактериялар бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ORDA.
Кәдімгі кір жуғыш машиналарында болатын бактериялар қауіптілігі туралы айтқан дәрігер оған қарсы антибиотиктер дәрменсіз болады деп отыр.
«Сіздің кір жуғыш машинаңыз антибиотиктермен де кетіре алмайтын супербактериялардың көбеюіне әкелуі мүмкін», - деп жазды Малышева Instagram парақшасында.
Малышеваның «Денсаулық» порталында жарияланған мақаласында, неміс мамандары бірінші болып дабыл қаққаны айтылған. Бонндағы ауруханада кішкентай балалар пневмония, менингит және зәр шығару жолдарының инфекциясын тудыратын Klebsiella oxytoca бактерияларын жұқтыра бастаған.
Антибиотиктерге төзімді бұл супербактериялар жаңа туған нәрестенің киімі жиналған кір жуғыш машинада көбейген. Ондағы су 60 градустан жоғары қызып көрмеген, сондықтан қоздырғыштар жууға төзімді болған. Малышева пәтердегі кез-келген тұрмыстық техника инфекцияның өсу ортасына айналуы мүмкін екенін ескертеді. Оның айтуынша, үйде күтімге мұқтаж қарт адамдар болса, ашық жарақаттармен, инфекциялармен немесе зәр шығару катетерімен ауыратын науқастарға зиянды.
Малышева супербактерияларды болдырмау туралы қарапайым кеңестер берді. Ең бастысы кір жуғышқа салған киімдерді 60 градустан жоғары температурада жуу керек. Сонымен қатар дезинфекциялаушы заттарды жиі қолданып, қолданып болғаннан кейін құрылғыны шайып тұру қажет.
Тележүргізушінің айтуынша , Klebsiella oxytoca дымқыл сүлгілері бактериялардың көбеюуіне қолайлы жағдай тудырады екен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық