Елдос Ісметов Олимпиядаға жолдама ұтып алды
Фото: Ұлттық олимпияда комитеті
Алматыда дзюдодан 60 келі салмақтағы үш балуан арасында Олимпиадаға іріктеу турнирінде Елдос Ісметов жеңіске жетті.
Бұл туралы ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.
Алматыда өткен шағын турнирде Елдос Ісметов алдымен Мағжан Шәмшідиннен, кейін Нұрқанат Серікбаевтан асып түсіп, өзінің үшінші Олимпиадасына қатысу құқығын жеңіп алды.
60 келі салмақтағы балуандар бәсекесі елдегі жанкүйерлерді де, мамандар мен федерация басшыларын да біраз әбігерге салды.
Елдос Ісметов өзіне Олимпиада алтынын алсам деген арманның маза бермейтінін айтқан еді. Себебі, Ісметовтің жүлде қоржынында Олимпиада алтынынан басқасының бәрі бар.
«Бүгін өте тартысты белдесулер өтті. Мұның жауапкершілігі өте жоғары. Бір-бірімізді 100 пайызға білеміз. Сондықтан, кездесулер ұзаққа созылды. Қателік іздеп, жүріп қалдық. Күнделікті спарринг жасап, белдесіп жүрген адаммен күресу оңайға соқпайды. Бір бас жоғары болып, айқын басымдықпен жеңу мүмкін емес. Біздің салмақта дау-дамай қатты көтеріліп кетті. Енді бәрі тікелей эфирде, ашық түрде өтті. Қазақстанда дзюдодан үш Олимпиадада медаль алған спортшы жоқ. Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері бар. Ендігі мақсат – Қазақстанның тарихын тағы да жаңартып, Париж ойындарында жеңіске жету. Тек қана Олимпиада алтыны үшін дайындаламыз», – деді белдесуден соң Ісметов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық