Елді шулатқан «Ұйқым келмейді» әнінің орындаушысы сұхбат берді
Фото: ашық дереккөзден
Күні кеше желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түскен «Ұйқым келмейді» әнінің орындаушысы Алина Шакиева «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берді.
Әнші Мәскеуде туып-өскен.17 жыл Ресейде тұрған қандас, мектеп бітіріп, елге оралған. Қазіргі таңда ол қазақ тілін үйрену үшін арнайы мамандардың көмегіне жүгініп жүр.
«Әнімнің хит болғаны мен үшін күтпеген жағдай болды. «Ұйқым келмейді» әнін жақсы тыңдап жатыр. Әрине, мен қуаныштымын. Музыкасында, сөздерінде адамды тартатын нәрсе бар деп ойлаймын» дейді Алина.
Әнші әнінің аса танымал болып жатқанына риза екенін айтты.
«Қош бол деп айттың, тағы бірдеңе дедің» деген жерін TikTok-та бәрі қайталап жатыр. Мен бұлай таралып кетеді деп күткен жоқпын» дейді Шакиева.
Қандасымыз бала кезінен әнші болуды армандаған. Алғашқы әні 5 жыл бұрын тыңдармандарға жол тартқан. Алайда, әншінің екінші әні ел арасында кеңінен таралып кеткен.
Айта кетсек, «хит» әннің сөзін Рамазан Амантай, әуенін Диана Исмаил жазған.
Еске салсақ, жақында тыңдарманға жол тартқан «Ұйқым келмейді» әні екі күнде 300 мың рет қаралып, желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түскен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық