Елден заңсыз шығарылған қаржыны қайтару жөніндегі комиссия құрамына кімдер кіргені белгілі болды
Фото: PIxabay
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық ресурстарды заңсыз шығаруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы Жарлығының толық мәтіні жарияланды.
Тоқаев елден заңсыз шығарылған қаражатты Қазақстанға қайтару, заңсыз жолмен алынған экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтау, оларды мемлекетке қайтару мақсатында ведомствоаралық комиссия құруға бұйрық берді.
Комиссия құрамына:
- Бас прокурор, төраға;
- Бас прокурордың орынбасары, төрағаның орынбасары;
- Ұлттық банк төрағасы;
- Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі;
- Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі;
- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы;
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
- Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы;
- Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы;
- Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы;
- Ішкі істер министрі;
- Әділет министрі кірді.
Ведомствоаралық комиссия бір апта ішінде ведомствоаралық комиссия туралы ереженің жобасын Президенттің қарауына өткізуі керек. Сондай-ақ, комиссия екі аптада бір рет өз жұмысы туралы баяндайтын болады.
Жарлықтың орындалуын Президент Әкімшілігі бақылайды.
Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық