Елден кетті ме?: Назарбаев әулеті енді Қазақстан салық төлеушілері емес
Коллаж: Orda.kz
Әрбір Қазақстан азаматының ЖСН (жеке идентификациялық нөмірі) бар. Ол өмір бойы өзгертілмейді. Соған қарай қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді алады және мемлекеттік базаларда тіркеледі.
Orda.kz тілшілері Мемлекеттік кірістер комитетінің деректер базасынан бірінші президент пен оның қыздары және күйеу баласының ЖСН нөмірлері жоқ екенін байқады.
Сайтта салық бойынша берешегі, сондай-ақ адамның салық базасында бар-жоғын анықтауға болатын іздеу жүйесі бар. Мұны білу үшін тек сол адамның ЖСН сандарын білу жеткілікті.
Orda.kz редакциясында ірі сақтандыру компанияларының біріне қатысы бар тұлғалардың тізімі бар. Бес жыл бұрын Динара мен Тимур Құлыбаевтар «АЛМЭКС» холдингі компаниясының ірі акционері ретінде қосылды. Сондықтан бұл құжатқа олардың жақын туыстары да енгізілген, тек балалар мен ата-аналары емес, сонымен қатар бауырлары мен сіңлілері де бар.
Сонымен бұл тізімде Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасына жататын адамдардың көбінің ЖСН сандары көрсетілген.
Мемлекеттік кірістер комитетінің деректер базасында «отбасына» қатысы бар адамдар жоқ.
Нұрсұлтан Әбішұлының, оның қыздары Дариға мен Динараның, сондай-ақ күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың жеке идентификациялық нөмірлерін таппадық.
Қандай себеппен жоғалғанын тек болжауға болатын шығар.
Топшылап көрсек, бәлкім бұл азаматтар Қазақстанда тұрмауы мүмкін. Себебі ЖСН-нің күшін жоюдың бір себебі — азаматтың тұрақты тұру үшін басқа мемлекетке көшіп кетуі.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 «Жеке сәйкестендіру нөмірлері туралы» заңында былай деп жазылған:

Бірінші президент пен оның туыстары салық төлеуден қандай да бір себептермен босатылды деген болжамды жоққа шығара беруге болады. Біріншіден, мұндай жағдай Қазақстан заңнамасында қарастырылмаған. Екіншіден, Мемлекеттік кірістер комитетінің базасы бірінші президенттің басқа отбасы мүшелері туралы мәліметтерді оңай беріп отыр.
Мысалы, еліміздің бұрынғы бірінші ханымы Сара Алпысқызы сайтта бар. Дегенмен, қазір ол Назарбаева емес — Қонақай. Бұл оның бұрынғы фамилиясының қысқартылған түрі — тұрмысқа шыққанға дейін ол Қонақаева болған. Оның неліктен фамилиясын ауыстырғанын білмейміз. Сонымен қатар сайт Сара Алпысқызының салық бойынша 2102 теңге қарыз бар екенін көрсетті.
Сонымен қатар салық базасында Қазақстанның экс-президентінің кіші қызы да бар. Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаева салық бойынша қарызы жоқ, бірақ салық төлеуші ретінде тіркелген.
Жүйе Тимур мен Динара Құлыбаевтардың балалары туралы да мәлімет тапты, олар: 34 жастағы Алтай Тимурұлы Құлыбаев, 20 жастағы Дениз Тимурқызы Құлыбаева және 14 жастағы Әлиша Тимурқызы Құлыбаева. Құлыбаевтың қыздары туралы деректер көп емес. Ал ұлы Алтай туралы БАҚ-та Лондондағы Cass Business School-ды (City University) тәмамдағаны туралы ақпарат бар. Бұл оқу орны әлемдегі ең үздік қаржы университеттерінің ондығына кіреді.
Сайтта Тимур Құлыбаевтың ата-аналары туралы да мәлімет табуға болады. Алайда оның анасы — Раиса Алдабергенқызы Құлыбаева 2020 жылы қайтыс болған. Соған қарамастан, салық жүйесі оған қарыздық міндеттемелерді есептеп қойған. Қазір қайтыс болған әйелге көлік және мүлік салығы бойынша 60 190 теңге қарыз көрсетілген.
Ал Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың салық бойынша қарызы жоқ.

Тимур Құлыбаевтың үлкен ағасы Талғат Асқарұлы Құлыбаевтың салық бойынша еш қарызы жоқ. Ашық деректерге қарасақ, ол өмірінің көп бөлігін құқық қорғау органдарында жұмыс істеп, Алматы қаласындағы ІІМ академиясының бастығы қызметінен зейнетке кеткен. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, «тапсырыспен кісі өлтіру қылмыстарын ашу» тақырыбында диссертация жазған.
Бизнес саласында Талғат Құлыбаев бой көрсетпеген еді. Алайда 2024 жылы халықаралық журналистер консорциумы OCCRP оның Дубайдағы элиталық мүлкі бар екенін анықтады. Сонымен қатар Тимур Құлыбаевтың ұлы Алтайдың да Palm Jumeirah аралында пәтері бар екені анықталды. Алайда бұл басқа әңгіме.
Біз сайтта Нұрсұлтан Назарбаевтың кейбір отбасы мүшелерінің ЖСН-дерінің салық төлеушілер базасынан аяқ асты «неге жоғалып кеткенін» түсіндіруді сұрап арнайы сауал жібердік. Жауап күтеміз.
Жаңалықтар
- Түркістанда 12 адамның өмірін жалмаған өрт: Аман қалған үш адамның бірі есін жиды
- Тоқаев Астанада қаза тапқан фельдшерді марапаттады
- Қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетіледі, қажет болса зардап шеккендер Астанаға жеткізіледі — Бозымбаев
- Астанадағы үйдің құлаған қасбеті: Екінші фельдшер мен басқа да зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
- «Қайраттың» «Олимпиакос» және «Брюгге» командаларына қарсы матчтары Астанада өтеді
- Алғабастағы өрттің қалай басталғанын көршісі баяндап берді
- Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы «Байсат» базары осы жолы да аукционда сатылмады
- «Зиратта 15 қабір қазылды»: Алғабас ауылының тұрғындары қалған 3 адамның да қайтыс болғанын айтты
- Алғабастағы өрт: әкімдік пен полиция журналистерге кедергі келтіріп жатыр
- Атырауда 73 жастағы ер адам туысын пышақтады
- Атырауда депутаттың қатысы бар компания салған үйлер қирап жатыр
- Тағы да Талғар: 11-сынып оқушысы 14 жастағы жасөспірімге әлімжеттік көрсетемін деп өлтіріп алды
- Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаев Жапаровты «елді құртты» деп айыптады
- Астанада үйдің қасбеті құлап, зардап шеккен фельдшер өмірден озды
- АҚШ-та Өзбекстан азаматы терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- Түркістан облысында қарулы ер адам полицияға оқ атты
- Алғабастағы өрт: Қаза тапқан 12 адамның аты-жөндері жарияланды
- Конгода министр мінген ұшақ өртке оранды
- Қаңтар оқиғасына байланысты сотталған белсенді Әйгерім Тілеужан ауруханаға жеткізілді
- 15 жастағы баласын көлікпен сүйреп өлтірген әке 25 жылға сотталды