Елдегі уақытты қайтару туралы петиция қабылданбады
Фото: pic2.me
Қазақстан билігі елдегі уақытты қайтару туралы өтінішті алдын ала қабылдамады. Мұндай шешім қоғамдық тыңдаулар кезінде белгілі болды.
Билік Бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтардың денсаулығы мен ұйқысына теріс әсері жоқ деп мәлімдейді.
"Өтініш берушілердің бұл денсаулыққа немесе энергияны тұтынуға әсер еткені туралы дәлелдері расталмады. Сондықтан мен алдын-ала өтінішті қанағаттандырудан бас тарту шешімін қабылдадым", - деді сауда вице-министрі Қайрат Балықбаев.
Біздің отандастарымыздың көпшілігі елдегі Бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы. Әлемде аумағы бойынша 9-шы орында тұрған Қазақстан бірнеше уақыт белдеуінде тұруы тиіс, деп есептейді қазақстандықтар.
Қазақстанда петициялар үшін арнайы сайт пайда болғаннан бері, 50 мың қол жинай алған төрт петицияны мемлекеттік органдар қарады.
Біреуі толығымен қанағаттандырылды (шенеуніктерге құмар ойындарға тыйым салу туралы), біреуі ішінара ("ЛГБТ насихаттауға тыйым салу" туралы), екеуінен мүлдем бас тартылды (утильсбор төлемдерін жою және бұрынғы уақытты қайтару туралы).
Көктем мен жазда жарияланған басқа бірде-бір петиция 50 мың қол қоюшы талабына жақындаған жоқ.
Жаңалықтар
- Алаяқ азаматтарға жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде беріп, алдаған
- Алматыдағы иесіз электр желілері коммуналдық меншікке өтеді
- «Фукидид қақпаны»: Си Цзиньпин Трампқа нені ескертті?
- Елімізде биыл алғашқы тоқсанда 77 трансплантация жасалды
- Санжар Боқаев 18 маусымға дейін қамауда қалады
- ҚТЖ топ-менеджменті бір жылда бір миллиард теңгеден астам сыйақы алды
- Адамның есін шығаратын оқиға: Есік қаласында 17 жастағы жасөспірім пышақталды
- Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
- Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін Бейжіңге келді
- ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады
- Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
- ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
- Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
- Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына өтеді
- Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
- Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа бес талап қойды
- «Афросиаб» Орталық Азиядағы теміржол революциясы ма, әлде қымбат имидж бе?
- Терроризмге күдікті төрт адам шетелден Қазақстанға жеткізілді
- Тұрақты тұруға көшіп келгендер арасында Қытай көш бастап тұр