Елдегі ең ықпалды әрі ең бай кәсіпкерлер анықталды

cover Фото: Андрей Лунин

KAZ Minerals акционері Владимир Ким Forbes нұсқасы бойынша ең ықпалды кәсіпкер атанды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Владимир Кимнің байлығы 3,6 миллиард доллар болды. Осылайша ол ең бай қазақстандықтар тізімінде төртінші орынға жайғасты.

Рейтингте екінші орында Вячеслав Ким тұрақтады. Кимнің байлығы 5,8 миллиард долларға бағаланып отыр.

Болат Өтемұратов үшінші орынға жайғасты. Ол ең бай бизнесмендер рейтингінде алтыншы орында. Сонымен қатар 2023 рейтингіндегі ең ықпалдылар қатарында төртінші орынға жайғасқан. Өтемұратовтың байлығы 2,7 миллиард долларға бағаланды. 

СЕО Freedom Holding Corp басшысы Тимур Турлов бір жыл ішінде рейтингте тағы бір сатыға көтерілді. Осылайша Турлов, төртінші орынға тұрақтады. Ол 3,3 млрд доллар байлығымен,  ең дәулеттілер тізімінде бесінші орында тұр. 

Рейтингте бесінші орынды Astana Group иесі Нұрлан Смағұлов иеленді. Дәулеті 980 миллион доллар болатын Смағұлов Astana Motors-ті басқарады. Ол ең бай кәсіпкерлер ішінде сегізінші орынға жайғасқан. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар