Елбасы сайты казиноны жарнамалауда
Фото: Wang Lei / Zuma
Тұңғыш президенттің ресми сайты домендік атауын nazarbayev.kz-ке ауыстырғаннан кейін, оның ескі домені қорғалмаған күйде қалып, оны алаяқтар иемденді, деп хабарлайды Orda.kz Zajmy.kz сайтына сілтеме жасап.
Енді онда Нұрсұлтан Назарбаевтың әдеттегі фотосуреттері мен өмірбаянының орнына, онлайн-казиноны дұрыс таңдау туралы ақпарат пен «ең үздік қазақ казиносының рейтингі» ұсынылып тұр.
Тағы бір қызығы, сайттың байланыс бөлімінде бұрынғы президенттің атағы әлі де сақталған, e-mail ретінде [email protected] көрсетілген.
Мекенжайды адрес жолына енгізгенде сайт ашылмай, 503 қателігін береді. Алайда Google іздеу жүйесі арқылы өткенде сайт еш қиындықсыз ашылады. Оның үстіне, сайтта порталдың қауіпсіз әрі сенімді екендігіне сендіреді. Orda.kz бұл сайттың сол күйінде тұрғанына көзі жетті. Сайтта әлі де онлайн-казино туралы ақпарат пен «ең үздік қазақ казиносының рейтингі» көрсетілуде.
Еске сала кетсек, осы жылдан бастап заң бойынша онлайн-казино жарнамасына тыйым салынған. Оны бұзғаны үшін 200 мың теңгеден бастап айыппұл салынады.
Жаңалықтар
- Түркияда мектептерге жасалған шабуылдардан кейін мұғалімдер наразылыққа шықты
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті
- Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Дениздің есірткі қолданғаны белгілі болды
- Жетісуда 23 жастағы дзюдошы қыздың өлімі: Дәрігерлер кінәлі ме?
- Қазақстанда цифрландыру мен AI жылы: Тоқаевтың мәлімдемесі
- Алматыға Enrique Iglesias пен Deep Purple келеді: Ал Eminem мен Shakira ше?
- Құпия жерде бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
- Мектептерде мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі
- Алматы қаласында алып ағаш құлап, көшені жауып қалды
- Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы итті қағып кетті
- Роза Рымбаева екі ұлынан бөлек тағы екі қызының бар екенін мәлімдеді
- Иранда барлық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
- Қостанайда блогер қатысқан төбелес: Полиция қылмыстық іс қозғады
- 44 градусқа дейін күн ысиды: Мамыр айына арналған ауа райы болжамы
- «Атырауға көп ақшамен барады»: Ұзату жайлы жазба желіні дүр сілкіндірді
- Құрамында ветеринар дәрігерлер де бар: Ұзақ уақыт бойы мал ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды
- Оқиға орнында қаза тапты: Әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тауып, екіншісі жараланды
- Шымкентте «алма бақтары» арқылы 430 млн теңге жымқырылған
- Екібастұзда дәрігер мен медбикені екі мас адам соққыға жықты