Елбасы халықты Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ елін Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Барша мұсылмандарға ортақ ұлық мерекемен құттықтау elbasy.kz сайтында жарияланды.
Құрметті отандастар!
Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – адамдарды бейбітшілік пен бірлікке, мейірімділік пен ізгілікке үндейтін жарқын мереке.
Қазақстандықтар үшін бұл мейрамның маңызы ерекше. Ол адамгершілік және рухани құндылықтарды насихаттап, түрлі ұлт пен дін өкілдері арасындағы ауызбірлік пен сыйластықты арттыруға септігін тигізеді.
Айт күндері әрбір адам игі істер жасап, рухани тазаруға, құрбан шалып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға тырысады.
Қазіргі таңда Құрбан айт мейрамы жақсылықтың жаршысына айналып, елімізде татулық пен келісімді нығайтуға ұйтқы болып отыр. Алдағы уақытта да солай боларына кәміл сенемін.
Осынау қастерлі мерекеде әрбір шаңыраққа шаттық, тыныштық пен бақ-береке тілеймін!
Айт қабыл болсын!
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық