Елбасы елімізде этносаралық келісім нығайып келеді деп санайды
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады.
Ақпарат көзі Елбасының жеке сайты, деп хабарлайды Orda.kz.
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздегі этносаралық қатынастар саласындағы ахуал және Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты алдағы XXIX сессиясына әзірлік барысы туралы баяндалды.
— 1995 жылғы шешімім бойынша құрылған Ассамблеяның жұмысын мен ерекше бақылап отырамын. Содан бері этносаралық қатынастарды нығайту саласында біраз шаруа атқарылды. Біздің бұл саладағы тәжірибеміз дүние жүзіне мәлім, көптеген елдер оған қызығушылық танытуда, – деді Елбасы.
Кездесу барысында өңірлердегі Достық үйлерінің жұмысына баса көңіл бөлінді. Тұңғыш Президент аймақтарда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік бағытындағы мемлекеттік саясатты одан әрі жүзеге асыру үшін әкімдіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясының бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық