Араласпаймын, кедергі болмаймын – Назарбаев билік туралы
Сурет: iz.ru
Нұрсұлтан Назарбаев американдық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында президенттік қызметінен қалай кеткені туралы айтты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
– Ли Куан Ю (Сингапур) өте қатал көшбасшы болды. Ол қызметінен кеткеніне қарамастан, әлі де билікке араласады. Сіз туралы осындай әңгіме айтылады. Шын мәнінде сізді қазірдің өзінде ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және экономиканы басқарады деп айтады, - деді Оливер Стоун Елбасыға.
Нұрсұлтан Назарбаев әр елдің өз жүйесі болу керектігін және ең бастысы халықтың пікірі екенін жеткізді.
– Неліктен олар тек бұл туралы айтады? Неліктен бұл халыққа жақсы немесе жаман екенін айтпайды? Егер бұл тұрақтылыққа, дамуға және беделге ықпал етсе. Неге болмасқа?
Неліктен әр ел өз жүйесін таңдай алмайды? Менің ойымша, ең бастысы – халқымның айтқаны. Мен танымалдылығымның шыңында қызметімнен кеттім. 2015 жылы болған сайлауда 95 пайыз дауыс жинадым. Бірақ әңгіме мені мәңгі президент етіп қалдыру туралы болды. Мен бұған, әрине, келіспедім, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Нұрсұлтан Әбішұлы президенттік қызметінен мүлде кеткісі келгенін айтты. Бірақ Қазақстанның тұңғыш президентіне өмір бойына қалуды ұсынған.
– Мен мүлдем кеткім келді. Олар маған: мәңгілікке қал деді. Мен қалмайтынымды айттым. Сайлау өткізейік, мен Қауіпсіздік Кеңесінде, саяси партияда болып, сол арқылы елдің дамуына үлес қосуға дайынмын дедім. Біз мұнымен келістік. Конституциялық заң қабылданды. Біздің парламент, біздің конституциямыз, біздің заңдарымыз. Осы заңдар бойынша мен өз мәртебемді жүзеге асырамын, - деді Назарбаев.
Сондай-ақ, Назарбаев елді жаңа басшы басқаратынын, оның қызметіне араласып, кедергі келтірмейтінін айтты.
– Елді жаңа Президент басқарып отыр. Араласпаймын. Кедергі болмаймын. Керісінше, кеңесші ретінде көмектесемін. Билік Президентте. Оның құзыреті Конституцияда жазылған, - деді Қазақстанның тұңғыш президенті.
Еске салайық, 2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатқан мәлімдеген еді. Елбасы бұл шешіміне өкінбейтінін айтқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық