Ел үшін қызмет ету немесе «Мәуелі талдың» жемісі
«Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген сөз бар біздің жұртта. Байлықтың бір жұттық екенін білген қазақ, талда жұттың болмайтынын білген екен-ау. Қазақта «мәуелі тал», «мәуелі талдың жемісі» деген тіркестер баршылық. Соның мағынасына үңіліп көрелік.
«Мәуелі тал» - сабағына жемісі толып, бойындағы байлығын әрең-әрең көтеріп тұрған, тіпті, бұтақтары майысып сынуға айналған талдың қысқаша атауы екен. Мұндай талдар жері шұрайлы Қазақстанымызда өте көп. Қыста жалаңаштанып, көктемде көйлегін киіп, жазында түйін салып, күзінде мәуелі талға айналып, бақташыға жемісін беретін осы тал ғана шығар. Баптап, күтетін бақташыны ұстаз, талды шәкірт деп қарастырсақ әбден болады.
Қазақ хандығы құрылмай жатып-ақ, Ұлы Даламызда «Мәуелі талдар» көп болды емес пе?! Ұлысы ғұлама ғалым - Әл-Фараби. Бірнеше тіл білген, көптеген ғылым саласында еңбек жазған. Әл Фараби сияқты ғұламалар қазақ даласына расында да керек еді. Кейін Қазақ Хандығы құрылғаннан кейін де абыз, данагөй қариялар ел ісіне араласып, саяси мәселелерді ұтымды шеше білген. Ол кезде арнайы мектепте оқымаса да, өмір көрген, көп жасаған адамдардың әңгімесін тыңдап өсіп, ақ пен қараны ажыраты білген.
Жиырмасынша ғасырда да «Мәуелі талдарымыз» аз болмады. Халықтың көзін ашу жолында, ел болу жолында жанын да, малын да құрбан етті. Олар кімдер, олар: Әлихандар, Ахметтер, Мұстафалар, Мағжандар. Аты аталмаған алыптарымыз қаншама. Бастысы олар өз білімі мен өмірін еліне, жеріне арнады.
Әлемдерді жаратушы, адамдарды сұраққа алғанда, «берген білімімнің нәтижесі қандай, қайда жұмсадың?» деп сауал қояды екен. Сол сәтте тосылмай жауап беру үшін Құдай берген білімді көптің санасы үшін жұмсаған жөн.
«Қазақ кредиттен көз ашпайды», «қалада үй алу қиын», «ешқандай жеңілдік жоқ» деген сөзді үнемі естиміз. Бірақ, көбісі негізсіз секілді. Мысал ретінде бір азаматты алайын. Нұр-Сұлтандық Даулет Муқаев деген жас жігіт бар. Жоғарыда айтылған басты мәселе жөнінде еліміздегі ең сауатты адамдардың бірі. Өзіндегі білімді өзгелермен бөлісіп елдің алығысына бөленгенге не жетсін.
Мәуелі тал болсақ та, оның жемісі болсақ та, қызметте адал, өмірде азамат болайық.
Авторы: Мәулен Жексенбі
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық