Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
Фото: Ақорда
Дәстүр бойынша жыл сайын 1 маусым күні бүкіл әлем Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Мерекеге орай еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтауын Х. әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, оларға жақсы білім беру және жоғары моральдық қасиеттерді сіңіру - біздің ортақ парызымыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасайды. Әрбір балаға бақытты балалық шақ пен жарқын болашақ тілеймін!» деп жазды президент.
Балалардың денсаулығын сақтау және жағдайын жақсарту мәселесі анағұрлым өзекті болған екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары, атап айтсақ, 1949 жылғы қарашада Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінің шешімімен құрылды.
Онда балалар бақытының жалғыз кепілі ретінде соғыс отын тұтатпай, орнықты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін күресу ересектердің басты міндеті саналып, осы жолда үздіксіз күресуге ант берілді. Бір жылдан кейін, 1950 жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күнінің алғашқы мейрамы өтті. Содан бері бұл мереке жыл сайын тойланып келеді.
1950 жылы бұл мереке «Балаларды қорғау күні» болып бүкіл әлемдегі тарихи күндер күнтізбесінде түбегейлі бекітілді. Біздің барлық игі істеріміз, үмітіміз, тілегіміз балалармен байланысты және олар біздің жүрегімізге шынайы жылу береді, өмірге құлшынысымызды оятады, аяулы тілекпен алға сүйрейді.
Баланың ең сенімді қорғанышы – дені сау, тату, берекелі отбасы екені даусыз. Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақ сыйлау, баланың өмірі мен денсаулығына кепіл болу – отбасының, қоғамның, мемлекеттің міндеті.
Балаларды қорғау күнінің басты мақсаты – балалардың өмір сүруге, пікір бостандығына, білім алуға, денсаулығы мен бостандығын қорғауға құқығы бар екенін естен шығармау.
Қазақстан Республикасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі негізгі халықаралық құқықтық құжаттарды ратификациялады, оларды жүзеге асыру барысында балалардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін тиісті заңдар мен қаулылар қабылданды.
Ең негізгі халықаралық шарт – 1989 жылы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенция.
Бұл күні балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін еліміздің түкпір-түкпірінде мәдени іс-шаралар өткізіледі. Әр облыс, әр аудан түрлі шығармашылық фестиваль, спорттық жарыс, көрме және т.б. шаралар өткізеді.
Халықаралық балаларды қорғау күні халықаралық байқаулар өтеді. Ол туралы шешім Женевада 1925 жылы 1 маусымда Дүниежүзілік Балалар Конференциясында қабылданған.
Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметінен хабарлауынша қазіргі кезде елімізде 6,9 миллион бала тұрады. Оның ішінде 3,9 миллион бала мектепте, 556 мың бала колледжде, 1 миллионнан астам бала мектепке дейінгі ұйымдарда оқиды.
Білім беру министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда ата-анасынан айырылған балалардың 82 пайызын отбасылар асырап, тәрбиеленуде.
2024 жылы 3 мыңнан астам жетім бала жаңа үйге ие болды, 330 астамы тәлімгер болды, ал қамқоршылық органдарының штаты 2,5 есеге ұлғайды.
2025 жылдың 1 шілдесінен бастап отбасы асырауына берудің жаңа түрі - кәсіби отбасын қабылдайтын институт енгізіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық