Ел азаматтары Украинадан тегін қайтарылады: жөнелту орындарына жету қиын
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға әрі қарай Польша шекарасына дейін жеткізу үшін Львов немесе Киевке өз бетінше баруды ұсынды.
Дегенмен, қазіргі соғыс қимылдары салдарынан бұның оңайға соқпайтыны да ескертілді.
«Мұндай жағдайларда тұрғылықты жерлерде болуды және Қазақстан Республикасының елшілігімен, консулдықтармен үнемі байланыста болуды сұраймыз. Жағдай түзелсе, азаматтарымызға барлық қажетті көмек көрсетіледі» делінген СІМ хабарламасында.
Хабарланғандай, Киев пен Львовтан келген Қазақстан Республикасы азаматтары бар көліктердің біразы қазақстандық дипломаттардың көмегімен Польша шекарасына өтіп үлгерген.
«Варшавадағы елшілігіміз жергілікті билік органдарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы азаматтарына шекарадан Катовице әуежайына өтуі үшін «жасыл дәліз» ашады. Аталған рейс жолаушылары Украина-Польша шекарасын еркін (визасыз) өтеді, сондай-ақ міндетті карантиндік, ПТР сынақтарынан және екпе төлқұжаттарын ұсынудан босатылады» делінген хабарламада.
Алғашқы рейс алдымен Атырауға жетіп, кейін Алматыға қонады. Қазақстандықтар үшін әуе рейстері тегін орындалатыны атап өтілді.
Қазақстан Республикасы азаматтарынан Қазақстаннның Киевтегі Елшілігімен байланыста болып, жүрген жерін хабарлау сұралады. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, эвакуацияға көмектесу туралы 528 өтініш түскен.
Қазақстандықтар Украинаның келесі қалалары мен облыстарында орналасқан:
• Киев және Киев облысы – 264 адам
• Одесса облысы – 30 адам
• Харьков облысы – 18 адам
• Львов облысы – 17 адам
• Днепропетровск облысы -13 адам
• Полтава облысы – 7 адам
• Черкасск облысы – 4 адам
• Луганск облысы – 2 адам
• Ивано-Франковск облысы – 2 адам
• Житомир облысы мен басқа аймақтарда – 2 адам.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық