Экс-министр Аймағамбетов: «мақтауды хайпқа айналдырмау керек»
Бұрынғы білім министрі Асхат Аймағамбетов мақтауға марқайып, хайп қуып кетпеу керек екендігін және ешқандай кәсібі жоқтығы туралы айтты.
Журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында бұрынғы министр ешқандай компанияға иелік етпейтінін де жеткізді.
— Менің коттеджім, бизнесім жоқ. Білім саласында немесе басқа салада университеттер, колледждер және басқадай бизнесім жоқ. Күндіз-түні мемлекеттік қызметке беріліп - ұйықтап, соны ойлап - оянсаң, сонда ғана мемлекеттік қызметке бар. Жеке мүддені ойлайтын уақыт болмауы керек, - деді Аймағамбетов.
Бұрынғы білім министрі Асхат Аймағамбетов сұхбатында қазір отбасына уақыт бөліп, әлі жұмысқа тұрмағанына да тоқталды.
Айтпақшы, оның балалары бұл жағдайға қуанған, өйткені министрліктегі жұмыс оларға үнемі көңіл бөлуге мұрша бермеген. Алайда көп ұзамай Аймағамбетов Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының бірінде сабақ беруі мүмкін екендігімен де бөлісті.
— Түрлі жұмыс ұсыныстары бар. Мысалы, мен жоғары оқу орындарының біріне сабақ беруге келістім. Мен мұғаліммін, бұл сала маған әрқашан жағымды және жаныма жақын. Қалай болса да, ұстаздық жұмысты жалғастыруға мүмкіндігім болады, – дейді экс-министр.
Сондай-ақ, бұрынғы білім министрі Асхат Аймағамбетов өзінің адағы жоспарларымен де бөлісті.
Еске салайық, Асхат Аймағамбетов 4 қаңтарда Білім министрі қызметінен кеткен. Оның орнына Ғани Бейсембаев келді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық