Екпеден кейін дәрігер көз жұмған, бірақ оның екпеге қатысы жоқ
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысында медициналық қызметкердің қайтыс болғанын растады. Бірақ бұл оқиғаны коронавирусқа қарсы екпемен байланыстыру ерте.
Бұл туралы Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап хабарлады.
7 сәуірде өткен брифингте вице-министр Ажар Гиният Қазақстанда Sputnik V вакцинасынан ресми түрде өлім болмағанын айтты.
– Егер Алматы облысындағы әріптесімнің қайтыс болуы туралы айтатын болсақ, біз бұл ақпаратты тексердік. Денсаулық сақтау министрлігі атынан марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Екіншіден, мен оның екпеден екі күн өткенде қайтыс болғанын атап өткім келеді. Ол үйде құлап, көз жұмған. Сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, өлімнің себебі жүректің ишемиялық ауруы болған, - деді Гиният.
Әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенджерінде вакцина алғаннан кейін дәрігердің қайтыс болғаны туралы дауыстық хабарлама түсірілген видео таратылуда. Дауыс авторы сонымен қатар әйелдің «№4 перзентханада жұмыс істегенін», «вакцинаны кеше алғанын, бүгін таңертең қайтыс болғанын» айтады.
Вице-министр өлім жағдайын арнайы құрылған комиссия тексереді дейді, сондықтан қазір «бұл коронавирустық инфекцияға қарсы екпеден болған өлім деп айтуға болмайды».
Қайтыс болған адамның аты-жөні мен жасы, оқиғаның қайда орын алғаны айтылмады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық