Екпе төлқұжатын заңсыз жасағандар ұсталды
Қаржылық мониторинг кезінде Қазақстанның бес өңірінде жалған вакцина паспортын жасағандар ұсталды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Медицина қызметкерлері жалған вакцина паспорттарын 5000 теңгеден бастап 30 000 теңгеге дейін сатқан. Аталған фактілер бойынша қылмыстық кодекстің 385-бабында көрсетілген құқық бұзушылық белгілеріне сәйкес тергеу басталды.
«Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық бөлімшелері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Павлодар және Тараз қалаларында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудың жалған паспорттарын заңсыз сатқан медицина қызметкерлері мен басқа да тұлғаларды анықтады», - деді ҚМА баспасөз қызметі.

Жалған вакцина паспорттары берілген 37 азамат, сондай-ақ жалған құжат жасауға қатысы бар 12 адам, оның ішінде 8 медицина қызметкері анықталды. Басқа күдіктілерді анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жалғасуда.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға жалған вакцина паспорттарын пайдаланғаны үшін 467 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынатынын немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынатынын еске салады.
Аружан Төлебай
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық