Екпе алуға келген ер адам дәрігерді тұншықтырып, ұрған
Алматы облысының Ескелді ауданында ер адам екпе салмақшы болған дәрігерді ұрып тастады.
Оқиға 21 мамырда Ескелді аудандық ауруханасында болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ер адамның вакцина алуға келгенін растайды. Дәрігер түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастаған уақытта науқас ашулы күйде, өз-өзін ұстай алмай, дәрігерге дөрекі сөйлеген.
Медицина қызметкерінің ескертуіне науқас балағат сөздер айтып, дәрігерге қол жұмсай бастады. Ол дәрігерді ұрып, тұншықтырып, беті мен мойнына бірнеше соққы берген.
Оқиға орнына полиция шақырылып, дәрігер амбулаториялық емдеуге жіберілді. Себебі, екпе салмақшы болған дәрігердің миы шайқалып, денесі көгерген.
— Бұл факт полицияда тіркелді. Қарабұлақ ауылының 31 жастағы тұрғынына қатысты «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысын алғаннан кейін материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі, - деп жауап берді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық