Экономист кімнің несиесі кешірілетінін түсіндірді
Экономист Мақсат Халық Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында кімнің несиесі кешірілетінін түсіндірді. Оның айтуынша, қазір елде жалпы сомасы 600 млн теңге несие кешірілмек. Алайда адам санына бөлгенде кешірілетін несие 20 мың теңге ғана шығады.
Мақсат Халықтың 28 мың азаматтың несиесі кешіріледі деп ақпарат тарату қателік екенін айтты. Себебі 600 млн теңгені 28 мың адамға бөлсе, бар болғаны 20 мың теңге шығады.
- Сонда әр адамның 20 мың теңгесін кешірмекші. Бұл айқайлап жасайтын дүние емес. Енді кімнің несиесі деген мәселеге келсек, менің ойымша, бұл – микроқаржы ұйымдарының несиелері. Қазір мұндай ұйымдар өз несие портфельдерін тазалап алмақшы. Кей азаматтар 20 мың немесе 50 мың теңге алып, бірақ қарызы сол күйі төленбей қалған. Болмаса біреудің атына алаяқтар несие рәсімдеуі мүмкін. Мұндай қаржының төленбейтіні анық. Осындай несиелер кешірілсе керек. Ал мұны халықтың несиесін кешіріп жатқандай етіп көрсету қылмыс санатына да қосылуы мүмкін. Бұлай халық арасында дүрбелең салуға болмайды, - дейді экономист.
Сонымен қатар төленбейтін несиені кешіру арқылы микроқаржы ұйымдары қаржылық несие рейтингін көтере алады.
- Қайтпайтын несиені тазартқан дұрыс. Сәйкесінше компания шешім қабылдап, қаржылық несие рейтингін көтереді. Ал мұнда мемлекеттің еш қатысы жоқ. Халық үшін несиені мемлекет төлеп бермейді. Егер төленбеген несие көбейсе, банк немесе компанияға ешкім қарызға ақша бермейді. Берген күннің өзінде пайызын өсіреді. Сондықтан анық қайтпайтын несиені жоюға тырысады. Мұны несиені кешіру емес, несиені жою деп атаған дұрыс, - деп түсіндірді Мақсат Халық.
Ал несиесі ішінара кешірілетін 107 мың азаматтың несиесі қайта тексеріледі.
- Кім несиесін қайтара алады, олар қарызын өтеуге міндеттеледі. Ал асыраушысынан айырылғандар, алаяқтардың құрбаны болғандар анықталады. Қиын жағдайға тап болған азаматтардың 0,8 млрд теңге болатын қарызы кешіріледі, - дейді сарапшы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық