Екінші Республика: Тоқаев Ақордада кеңес өткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Президент Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасына қоғамымызды байыпты саяси өзгертуге бағытталған барлық ұсынылған бастамаларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.
— Мәні бойынша олар Қазақстанның мемлекеттік институттарды қалыптастыру мен өзара іс-қимылының сапалы жаңа моделіне көшуін, жаңа саяси мәдениеттің тамыр жаюын білдіреді. Неғұрлым нақты және қысқаша түсіну үшін мен бұл модельді, бұл процесті Екінші Республика деп атадым. Жаңа парадигмаға сәйкес президенттің өкілеттігі қысқартылып, парламент пен мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшейтіліп, азаматтардың қатысуы айтарлықтай кеңейіп, адам құқықтары саласы жүйелі түрде нығаюда, - деді Тоқаев.
Соңында Мемлекет басшысы жұмыс тобы мүшелеріне қысқа мерзімде атқарылған ауқымды жұмыстар үшін алғысын білдірді.
— Бүгін мен Конституциялық Кеңеске Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын енгіземін. Бұл біздің Негізгі Заңымыздың талабы. Конституцияға енгізілген өзгерістер Тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа тарауын ашатынына сенімдімін. Бұл Жаңа Қазақстан құрылысының маңызды кезеңі, - деп түйіндеді сөзін президент
Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында президенттің жақын туыстары квазимемлекеттік органдарда саяси, мемлекеттік және басшылық қызметтерді атқармайтынын айтқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық