Екібастұздағы оқиғаға қатысты кінәлілер жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін - Димаш Құдайберген

cover

Әнші Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Екібастұздағы халықтың қиналғанына жауаптыларды жазаға тартуды сұрады.

- Екібастұздағы халықтың жағдайы үшін алаңдап отырғанымды айтпасам да түсінікті болар. Менің парақшамды көптеген басқа мемлекеттің адамдары оқитын болғасын, ішкі мәселемізді сыртқа шығарғым келмеп еді, бірақ мына далада қалған аналарымыздың көз жасы зая кетпесін десеңіздер, ЖЭО басшысынан бастап, кінәлілердің барлығы жауапқа тартылып, жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін…, - деп жазды ол.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар