Екібастұзда қапшық ішінен адам мәйіті табылды

cover

Екібастұзда қапқа салынған адам денесі табылды. Полиция оның жеке басын анықтауға көмек сұрап отыр.

Сәуірдің 24-і күні Нұралин көшесінің бойындағы ескі зираттың кіреберісіндегі еріген қар суы астынан полиэтилен пакетке салынған адам мәйіті табылды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Мәйітте «Челси» командасының эмблемасы бейнеленген көк Adidas жейдесі, қара Nike спорттық костюмі, сұр жолақтары бар қара түсті ерлерге арналған күрте және қара шұлық болған» делінген полиция хабарламасында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар