Екібастұз жылусыз қалды: мамандар жылу желісіндегі ақауды анықтап жатыр
Сурет: aikyn.kz
Екібастұз қаласының жылу желілерінде жылу қызметкерлерінің күшімен 10 бүліну анықталды. Қалада түннен бері жылу мен ыстық су жоқ, сырттағы аяз -35 градусқа дейін жеткен.
Павлодар облысы әкімдігінің хабарлауынша, қазір табылған залал жойылуда, бірақ одан да ауыр оқыс оқиға болу ықтималдығы да жоққа шығарылмайды.
«Қайта толтыру деп аталатын су тұтыну үш есе өсті. Стансаның өзі ағып кетуге тексерілді. Бірақ стансада су азаймады, бұл жылу желілерінде апат болғанын көрсетеді. Біз бірнеше дрондарды іске қостық, 10 зақымдану орнын анықтадық, олар үшін жөндеу топтары жұмылдырылды, қазір қалыпқа келтірілуде, бірақ бұл жылу желілеріндегі ірі апат фактісін жоққа шығармайды, соған сәйкес құрылған штаб залалдың орнын анықтау жұмыстарын жүргізуде» деп жазды Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақов өз парақшасында.
Аймақ басшысы таңнан бері Екібастұзда болғанын нақтылады. Онда штаб құрылып, облыс әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук, Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин, сондай-ақ «Павлодарэнерго» АҚ мен Екібастұз ЖЭО басшылығының өкілдері жұмыс істеуде.
«Біз сізді не болып жатқаны туралы хабардар етіп отырамыз. Екібастұз қаласының тұрғындары, үрейленбеулеріңізді сұраймын, барлық сұрақтар бойынша сенім телефоны ашық, әкімдік пен тұрғын үй инспекциясына хабарласыңыз. Менің бірінші орынбасарым мен Екібастұз қаласының әкімі ҚСК және қарттар үйлерінің басшыларымен жұмыс барысы туралы кеңес өткізді» деп қосты Ысқақов.
Қазір қалада сенім телефондары жұмыс істейді:
+7 7187 740 041, +7 700 299 7806; WhatsApp +7 701 338 7624, +7 707 627 9332, +7 702 1 661 661.
Екібастұз ЖЭО-да апат болғаны бүгін таңертең белгілі болды. Қазандықтардың бірі сағат 01:20 шамасында тоқтап, он минуттан кейін тағы үшеуі қосылды. Тұрғындардың айтуынша, қазір үйлердегі ауа температурасы +10-дан аспайды, сыртта -35 градус аяз.
«Сағат 01:30-да желілік суды көп тұтынуға байланысты №13, 14, 15 қазандық қондырғылары тоқтап қалды. Қазіргі уақытта №8 және №14 қазандық қондырғылары іске қосылуда. Жөндеу бригадалары ұйымдастырылды. Жақын арада ақаулар қалпына келтіріледі» дейді ЖЭО өкілдері.
Штаб тұрғындардың құбырлары әлі суымаған, үй жалпы жылу жүйесінен ажыратылмаған болса, жағдайды ушықтырмауды және суды ағызбауды сұрайды. Жылу жұмысшылары қазандықтар іске қосылғаннан кейін тұрғындарға құбырларды жылытып, бұзылған жерлерді жөндеуге көмектесеміз деп уәде беріп отыр.
Осыған қоса желіде оқиғадан екі күн бұрын жұмысшының түсірген видеосы тарап жатыр. Экран сыртындағы адам жылу жүйесінің жағдайы мәз емес екендігін ескерткен.
«Мұнда бәрі шаң, газ, лай, су ағып жатыр. Міне, құбырлар жарылған, дәнекерлеуші жұмыс істеп жатыр. Құрылғының бәрі ескі, іске жарамсыз. Жамап-жасқағаннан пайда жоқ. Қысты қалай өткізетінімізді білмеймін» дейді жұмысшы аяз болса, адамдардың қамдана беруіне кеңес беріп.
Жылыту маусымы басталғаннан кейін (23 қыркүйек) ЖЭО екі күннің бірінде дерлік қаланың жылу жүйесінде үзіліс жасап, апаттарды жою жұмыстарын жүргізген. Бұған тұрғындарға жіберілген жоспардан тыс үзілістер туралы ресми ескертулер дәлел.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық