Екібастұз ЖЭО табысы жеткіліксіз – Клебанов
Олигарх, «ОАЭК» АҚ акционері Александр Клебанов бір аптадан бері бүкіл қала зардап шегіп жатқан Екібастұз ЖЭО-дағы апат туралы айтты.
Клебановтың айтуынша, ол қалада апаттың алғашқы күндерінен бастап аталған мәселені шешуге көмектесу үшін келген. Ал оның компаниясы жауапкершіліктен жалтарып отырған жоқ.
– Оқиғаның алғашқы күнінен бастап мен және кәсіпорынның барлық қызметкерлері оның салдарын жоюмен айналысып жатырмыз. Бұған біздің барлық күштер жұмылдырылды. Апаттың өзіне қатысты бірінші айта кеткім келетін нәрсе - қазандықтардың тоқтауы жылу желілеріне зақым келтірді. Ақауларды жою үшін мамандар, ОАЭК басшылығы, «Екібастұзжылуэнерго» және мен жеке өзім қалпына келтіру үдерісін бақылаймыз, – деді Клебанов.
Оның айтуынша, кәсіпорын Екібастұз жылу электр орталығын мемлекеттен емес, жеке компаниядан алған. Клебанов проблемалар бойынша мемлекеттік органдармен байланысқа шыққанын, бірақ оларды ешкім естімегенін айтады.
– Біз сөз сөйлеп, жылу желілерінің тозуы мәселесіне назар аудардық. Бірақ біз жеке компания ретінде тұтынушылар үшін тарифтерді көтере алмаймыз, сондықтан кәсіпорын басынан бастап рентабельді емес. Кәсіпорынның табысы тіпті стансаны қалыпты жағдайда ұстау үшін жеткіліксіз болды, – дейді олигарх.
Клебанов сонымен қатар бірнеше жыл қатарынан ЖЭО-ны қалаға беруді ұсынғанын айтады.
Акционер компания зардап шеккендердің үйлеріндегі зардаптарды жоюды міндеттейтінін атап өтті.
Еске салайық, Екібастұзда жағдай әлі де шешілу деңгейінде, ал жергілікті тұрғындардың жағдайы ауыр, оңалып кете қойған жоқ. Көбінде әлі де жылу мен ауыз су жоқ.
Еске салайық, 27 қарашаға қараған түні Екібастұз жылу электр орталығындағы бірнеше қазандық қондырғысының тоқтап қалуына байланысты қала тұрғындары жылусыз қалған болатын. Кейін қалада төтенше жағдай жарияланды.
Павлодар облысының прокуратурасы ҚР қылмыстық кодексінің 254-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жаңалықтар
- Алматыда жастар пышақтасып, екі жасөспірім қаза тапты
- Астанада жаңа AI Research University ашылады: Болашақта ЖИ үлесі арта түседі
- Көкшетауда мотоцикл мінген адамнан 5 келіден астам марихуана табылды
- Президент өзіне сыйға тартылған сәйгүліктерді тамашалап, жем берді
- Қарағандылық құтқарушы «Жарық түндер» халықаралық жарысында алтын медаль ұтты
- Германия Ресейден қауіптеніп, ықтимал соғысқа дайындықты бастап кетті
- Көші-қон заңнамасын бұзған 27 шетелдік елден шығарылды
- Аида Балаева: Көші-қон саясаты түбегейлі өзгереді
- Австрияда балалар тағамына у қосқан адам ұсталды
- БАҚ бойынша президенттің 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарына ұсыным қабылдау басталды
- «Оскар» ұйымдастырушылары ЖИ-актерлер мен сценаристерге шектеу қойды
- Қытай өзінің мұнай компанияларына АҚШ санкцияларын елемеуді бұйырды
- Еліміздің қажыларына Пайғамбар музейіне барғанда жеңілдік беріледі
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады