Екібастұз ЖЭО апаты – прокуратура тергеуді аяқтады
Сурет: «Екібастұзжылунерго» АҚ
Екібастұз қаласының жылу электр орталығы мен желілеріндегі қыста болған апатттар бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Прокуратура істің мән-жайымен бөлісті.
Павлодар облысының прокуратурасы тергеудің аяқталғаны және қылмыстық істің сотқа жіберілгені туралы хабарлады.
«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС нысандарындағы апат фактісі қылмыстық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталып, нәтижесі сотқа жолданды. Осылайша, 2022 жылдың 30 қарашасында Павлодар облысының прокуратурасы ҚР ҚК-нің 254-бабы «Коммерциялық ұйымдағы міндеттерін дұрыс атқармау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады» делінген қадағалау органы хабарламасында.
Екібастұз ТЭО-да ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жағдайының нашарлығынан қысым датчигінің импульстік түтігі қатып қалғаны анықталды. Нәтижесінде реттеуші су берудің жалған көрсеткіштеріне негізделген. Одан әрі химия цехының қызметкерлерінің тағы екі сорғыны қосқаны - қысымды арттырып, ЖШС-нің жылу желілерінде көптеген жарылыстарға соқтырған.
«Металдар мен қорытпаларға жүргізілген зерттеулер, құрылыс-техникалық және энергетикалық-технологиялық сараптамалар құбырдың 100% тозуы, қазандық пен турбиналық және ыстық су цехтарының бас ғимараты құрылымының апатты жағдайын, дұрыс емес және сәйкес келмейтін көпетеген әрекеттерді анықтады» делінген сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындыларында.
Тартылған аудит мамандары, Энергетика министрлігі, Мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасы, Төтенше жағдайлр департаменті, СЭС, Еңбек департаменті, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі және ЭМБ электр станциялары мен ЖШС желілерін техникалық пайдалану кезінде көптеген бұзушылықтарды анықтады.
«16.05.2023, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС бұрынғы бас директорының, ЭМБ (станциялар) және ЭТС (желілік кәсіпорын) директорларының әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 254-бабымен сараланады. Прокурор зерделегеннен кейін іс мәні бойынша қарау үшін Екібастұз қалалық сотына жіберілді» деп хабарлады облыстық прокуратурадан.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 2-бөлігі «Салақтық» бойынша жылу беру маусымына жауапты мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының салғырттығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Екі айыпталушы (аумақтық энергетикалық қадағалау басқармасының басшысы және Екібастұз қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комиссиясының басшысы) анықталып, күдікті деп танылды, яғни өз өкілеттіктері бойынша тиісті талаптарды, жылу беру кезеңінде ЖШС қызметін бақылау және қадағалауды орындауды қамтамасыз етуге міндетті тұлғалар» делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, осыған байланысты басқа мәліметтер жарияланбайды. Бұған дейін Orda.kz сайты Екібастұз әкімдігі «Екібастұзжылуэнерго» компаниясынан 22 миллион теңгеден астам материалдық шығын өндіргенін хабарлаған болатын.
Авторы: Алина Әділова, Павлодар
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық