Екібастұз қаласының ауасы шектен тыс ластанған
Фото: freepik.com
Екібастұзда ауа ластану нормасынан асып кетті, дегенмен шетелдік компания 6 қарашаға дейін Екібастұз ауа сапасының жақсаратынын болжайды, деп хабарлайды Orda.kz.
Pavlodarnews.kz мәліметінше, Екібастұз тұрғындары қазанның 22-сі мен 24-і аралығында қалада жағымсыз иіс шыққанын айтып шағымданған. Қала тұрғындары иісті көшелерде де, пәтерлерінде де сезген. Осы иіс екібастұздықтардың жөтеліне себеп болған көрінеді.
Облыстық табиғатты қорғау басқармасының мәліметінше, «Қазгидромет» РМК Павлодар филиалының екі бекетінде атмосфералық ауаның жай-күйі тұрақты бақылауда. Олардың зерттеулері бойынша ауаны ластаушы заттардың концентрациясы нормадан аспайды. Ал департаментке Екібастұздан атмосферадағы артық заттар туралы ешқандай мәлімет түспеген.
Бірақ, ауа сапасын бақылайтын және ауаны тазартатын өнімдерді жасайтын швейцариялық «IQAir» компаниясының зерттеулеріне сәйкес, бүгінде Екібастұзда РМ2,5 концентрациясы 6,4 көрсетіп отыр. Бұл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандартынан 1,3 есе жоғары.
PM2,5 – минералды тұздардың, қара күйенің, құмның және асфальттың, ауыр металдардың қосылыстарының, өсімдік тозаңдарының, аэрозоль ластануының ұсақ тамшылары мен газдардың микробөлшектері. Ал 2,5 өлшемі – 2,5 микрометрге тең.
«IQAir» компаниясы Екібастұздағы жалпы ауа жағдайын 35 АҚШ AQI⁺ деп бағалайды. Бұл Польшаның Вроцлав қаласындағы «адам төзгісіз» деген ауа жағдайына ұқсас.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық