Екібастұздағы төрт «маугли» бала ауруханаға түсті
Фото: Ашық дереккөзден
Екібастұзда пәтерлердің бірінде табылған төрт бала ауруханаға жатқызылды.
«Аудандық пневмония және коронавирус балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде төрт бала емделіп жатыр. Анасы олармен бірге. Олардың жағдайы тұрақты, бәрі қалыпқа келіп жатыр. Коронавирустық карантин аяқталғаннан кейін балалар толық тексеруден өтеді» деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Еске салсақ, Екібастұздағы пәтерлердің бірінен қалалық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандары 2016, 2014, 2017 және 2018 жылы туған төрт баланы тапты. Оларды лас, аш балалардың жағдайы таң қалдырды. Екібастұз қалалық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық секторының мамандары жедел түрде өз қаражатына азық-түлік пен сабын сатып алды. Мамандар бірден балаларды жуып, тамақ беріп, оларды киіндірді. Еріктілер азық-түлік пен киім-кешек әкелді.
«Барлығы аурушаң, жүрмейді. Қыздың іші үлкейіп кеткен. Ұлдардың бірі екі күн бойы құсып жатыр. Екі үлкен баланың аяқ-қолы бұралған. Белгілі болғандай, олар үш күннен бері тамақ ішпеген. Неге балалардың барлығы дертке шалдыққан, неге ата-аналары емдемеген? Қалай олар үш күн тамақсыз жүрген? Жедел жәрдем шақырдық. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер балаларды анасымен бірге шұғыл түрде ауруханаға жатқызды. Ешқандай киім мен аяқ киім жоқ, балаларды қолдарынан келгенін киіндіріп, үйден алып шықты» дейді VITA іздеу жасағының еріктілері.
Көпбалалы отбасының отағасы «Богатырь Көмір» ЖШС мердігерлік ұйымында жұмыс істейтіні белгілі.
Балалар алдымен Екібастұз ауруханасына жатқызылып, кейін Павлодар облыстық ауруханасына жеткізілді.
Кейін балалардың анасының қарындасы бар екені белгілі болды. Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде тұрады.
Белгілі болғандай, ішімдік ішетін әйел бір жасар қызын үнемі ата-анасының қара суық үйінде тастап кетеді. Оның ата-анасы да ішімдікке тәуелді. Әйел үлкен балаларға ата-ана құқығынан айырылады. Қазір қыз Ақсу қалалық ауруханасының балалар бөлімінде жатыр.
Осы фактілер белгілі болғаннан кейін Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Ақсу және Екібастұз қалаларының әкімдеріне сөгіс жариялады. Облыс әкімінің айтуынша, Екібастұзда төрт баланың басынан өткен оқиға тиісті мемлекеттік органдар жұмысындағы, жалпы отбасын қорғау саласындағы «ескі мәселелердің бетін ашты».
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық