Екібастұздағы мектептердің бірінде 7-сынып оқушысы соққыға жығылды
Екібастұздағы №6 мектеп-лицейде болған оқиға туралы соққыға жығылған 7-сынып оқушысының анасы айтты.
Әйел оқиға туралы Instagram желісінде айтып берді.
«Баламды 6-шы лицейдің аумағында ұрып-соққан. Бас жарақаты, миы шайқалған, мұрны сынған, жеңіл үсік шалған, бірден есінен танып қалған, аузынан көбік пайда болған, шок жағдайы. Ол футбол алаңында гол соқты және жақын жерде ересектер болмады! Ал ол жерде де камера жоқ» деп жазды зардап шеккен баланың анасы.
Оның айтуынша, бұл жағдай наурыз айының басында болған, бірақ мектеп әкімшілігі мен білім саласының қызметкерлері оқушының жағдайымен де таныспаған.
«Ауруханада болдық, 9 наурызда шығарылды, осы күнге дейін мектеп үнсіз. Қылмыстық іс қозғалды, бірақ директор телефон соқпады! Осы менсінбеушілік көзқарас мені таң қалдырды. Мен аудандық білім басқармасына қоңырау шалдым, тек үнсіздік, мен бұдан қатты шошыдым. Келесі күні мектепке келгенімде, мұғалімдердің полицияға барды деген айыптаулары қарша борады. Қарсы жақтың ата-анасынан да әрекет жоқ. Балам мектепке тыныш қана барып, келетін. Барлығына бәрібір. Мектеп директоры әлі баламның денсаулығын сұраған да жоқ» деп қосты ол.
Екібастұз қаласының білім бөлімі қызметтік тексеру бастағанын, оның қорытындысы бойынша мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің әрекетіне баға берілетінін хабарлады.
«Екібастұз қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған балаға қатысты шара қолдануды сұрады, баласы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек Екібастұз қалалық полиция бөлімінде тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жәбірленуші жасөспірім емделіп жатыр. Емдеу аяқталғаннан кейін сот-медициналық сараптама тағайындалады, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады» деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық