Екібастұзда велосипед мінген жасөспірім ажалдан аман қалды
Велосипед мінген жасөспірім оң жақ қапталдан шыға келген Toyota Land Cruiser көлігінен қашып, солға қарай бұрылғанының арқасынада жеңіл жарақат алып, ажалдан аман қалды. Егер бағытын өзгертпей, тура соғылғанда қандай күйде болары неғайбыл.
Оқиға бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Екібастұз қаласы Мұхтар Әуезов көшесінде велосипед теуіп бара жатқан 15 жасар баланы Toyota Land Cruiser жүргізуші қағып кетті, деп растады Екібастұз полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бейнежазбада мектеп оқушысының велосипедпен кетіп бара жатқаны анық көрінеді. Бұрылысқа жете бергенде оң жақ қапталдан Toyota Land Cruiser көлігі қатты жылдамдықпен атып шығады. Жасөспірім соққы алмауға тырысып, солға қарай бұрылғанымен, алысқа қашып кете алмады.
Қатты жылдамдықпен жүрген көлік баланы соғып, ұшырып жібергені бақылау камерасына түсіп қалған.
— 15 сәуірде сағат 15:50 шамасында жол апаты салдарынан денесі көгеріп, сырылған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін ол үйіне жіберілді,- деп хабарлады қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметі.
Құқық қорғау органдары өкілдерінің айтуынша, бұл фактіге қатысты тергеп, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, қосымша сараптамалар тағайындалған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық