Екібастұзда мектеп өртке оранды
Екібастұз мектебінде болған өрт кезінде жөндеу жұмыстарына дайындап қойған заттар жанып кетті. Апат кезінде ғимаратта оқушылар болмаған.
Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлайды.
«№24 мектепте «Заманауи мектеп» жобасы аясында күрделі жөндеу жүріп жатыр. Жөндеуге екі мердігер тартылған. Ғимарат пен мектеп аумағын жөндеу бойынша бір мердігер және жылу жүйелерін жөндеуге жеке мердігер тартылған» деді облыстық білім беру басқармасының бөлім башысы Екатерина Гоман.
Мектептің күрделі жөндеу жұмысына жалпы сомасы 600 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген.
Оның айтуынша, өрт бірінші қабаттағы кабинетте «Бектемір Құрылыс» ЖШС дәнекерлеу жұмысын жүргізу кезінде шыққан.
«Шығын екі мердігердің өзара келісімі арқылы өтеледі. Яғни, мердігерлер өтейді. Өйткені дәнекерлеуден шыққан ұшқын екінші мердігердің жөндеуге дайындап қойған заттарына, жаңа есік, терезелерге барып тиген» деді Екатерина Гоман.
Еске салайық, 8 маусымда Екібастұз қаласындағы мектеп ғимаратында өрт шыққан. ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабар сағат 9:57-де түскен. Өрт сағат 10:21-де сөндірілді. Құтқарушылар келгенге дейін пропан толтырылған бір балон мен 40 жұмысшы эвакуацияланған. Зардап шеккендер жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық