Екібастұзда ірі қарадан бруцеллез табылды
Екібастұзда бруцеллезбен ауырған мал анықталған шаруа қожалығына шектеу шаралары енгізіледі.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
- Ірі қара мал арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты Екібастұз Ақкөл ауылындағы «Көкше» шаруа қожалығының аумағында шектеу шаралары белгіленсін, - делінген Ақкөл ауылдық округі әкімінің шешімінің жобасында.
Жағдайды Павлодар облысы эпизоотияға қарсы шаралар департаментінің бас маманы Ғалым Бейсенов түсіндірді. Маусым айында фермадан ірі қара малының қан сарысуынан 62 сынама алынды, оның төртеуінен бруцеллез табылды.
- 24 маусымда бруцеллезге оң реакция беретін ірі қара малын полимерлі тізбекті реакция әдісімен зерттеу үшін патологиялық материал іріктелген «КХ ЭМПК» ЖШС ет комбинатына штамптау үшін тапсырды. Сонымен бірге ірі қара малдан таңдалған патологиялық материал бойынша бруцеллезге оң нәтиже алынды, - деді Бейсенов.
Белгілі болғандай, штамптау кезінде, егер 24 сағат ішінде патологиялық өзгерістер анықталмаса, сойылған малдың еті сатуға жіберіледі.
Сойғаннан кейін 24 сағат ішінде өзгеріс болмаса, жеуге болатын қалыпты ет. Егер өзгерістер болса, онда ет өңделеді.
Павлодар облысы эпизоотияға қарсы шаралар департаментінің бас маманы Ғалым Бейсенов
Ақкөл ауылдық округінің әкімдігі шаруалар шаруашылығына шектеу енгізбекші. Шешім жобасы 1 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда. Құжат күшіне енгеннен кейін Республикалық эпизоотияға қарсы отряд «сауықтыру шараларын» жүргізеді.
Шектеу шаралары енгізілгеннен кейін шаруа шаруашылығына етті еркін сатуға тыйым салынады, малды тек ет комбинатына сатуға болады.
- Әр 15 күн сайын ірі қара малының қан сараптамасы жүргізіледі. Ауру мал басы жоюға жіберіледі. Жануарлардың қанында бруцеллез болмаған жағдайда, қатарынан екі зерттеуде соңғы дезинфекция және сарайларда шаю жүргізіледі, - деп түсіндірді Бейсенов.
Егер инфекция табылмаса, шектеулер алынып тасталады.
Бруцеллез - адамдар мен жануарлардың созылмалы жұқпалы ауруы. Көптеген жануарларда бұл өмірге қабілетсіз жас жануарлардың туылуынан және бедеуліктен көрінеді. Әлеуметтік қауіпке байланысты бруцеллез карантиндік аурулар тізіміне енгізілген.
Авторы: Махамбет Абжан
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық