Екібастұз қаласына бөлінетін 1 триллионға жуық қаражат 2025 жылға дейін қандай өзгерістер әкеледі?
Павлодар облысы Екібастұз қаласына, үкіметтің жоспары бойынша, 2025 жылға қарай инфрақұрылымдар жаңартылып, жаңа екі энергоблок тұрғызылады. Сондай-ақ адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп, мұражай, екі мәдениет үйі мен стритбол алаңы салынбақ. Оған 930 млрд теңгеден астам қаражат қажет болады. Ақпаратты Асқар Мамин 21 қыркүйек күні үкімет отырысында айтты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Үкімет қала тұрғындары үшін демалыс аймақтарымен қатар, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге уәде етті.
– Екібастұз тек Павлодар облысының ғана емес, бүкіл елдің ірі индустриялық және энергетикалық орталығы болып табылады. Қала энергетика саласын дамыту үшін айтарлықтай әлеуетке ие, - деді премьер-министр Асқар Мамин.

Министрлер кабинеті Екібастұзды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдады, онда 114 іс-шара қамтылған. Қалада тұрғын үй және өзге де инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы дамыту және экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі жобалар іске асырылады. Металлургия өнеркәсібін қарқынды дамытуға және темір жол, машина жасау өнімдерін өндіруге ерекше назар аударылатын болады.
– Энергетика саласында Екібастұз ГРЭС-2-де №3 энергия блогын салу және ГРЭС-1-де №1 Энергия блогын қалпына келтіру көзделіп отыр. Ең бастысы, 16,5 мың жаңа жұмыс орны құрылады, орташа айлық жалақы 43%-ға өседі, - деп атап өтті Үкімет басшысы.
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің ақпараты бойынша, жоспарды іске асыруға 932,8 млрд теңге қажет болады, оның 64,7 млрд теңгесін республикалық, ал 33,5 млн теңгесін жергілікті бюджеттен және 834,6 млрд теңгесін жеке инвестициялардан бөлу жоспарлануда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық