Екі жыл жазықсыз түрмеде отырған ер адамға 28 млн өтемақы төленеді
Ақтөбеде екі жыл түрмеде отырып, артынша ақталып шыққан топ-менеджер бостандыққа шыққаннан кейін моральдық өтемақы ретінде 90 млн теңге талап етті. Сот оның талаптарын ішінара қанағаттандырды.
Бұл туралы Orda.kz Диапазонға сілтеме жасап хабарлады.
Еске салсақ, 2018 жылы қара металл сынықтарын жинайтын компанияның филиалының басшысы 16 млн теңгені жымқырды деп айыпталып, сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырды.
Жоғарғы Сот қылмыстық істі қарап, бірінші сатыдағы сот оның құқығын бұзғанын анықтады. Сондықтан істі Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық алқасына жаңа сараптамаға жіберді. Бұл жолы сот мүлдем басқа шешімге келді: сотталушының әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды.
Ақталған Ардақ К. сот арқылы мемлекетке моральдық және материалдық шығынды өтеуді талап етті.
Оның айтуынша, ол ұзақ уақыт бойы басшылық қызметтерде жұмыс істеп, коммерциялық қызметпен айналысқан. Үлгілі отбасылы адам үш баласын тәрбилеп отырған. Ол жасамаған қылмысы үшін ұсталып, оның абыройына нұқсан келтірді. Осылайша, Ардақ мемлекеттен моральдық өтемақы ретінде 90 млн теңге талап етті. Ол өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін адвокаттарға 3,5 млн теңге төлеген. Ардақ мемлекеттен осы соманы да өтеуді сұрады.
Сот оның талаптарын ішінара қанағаттандырды.
Сот Қаржы министрлігінен талапкерге моральдық зиянды өтеуді, сот шығындарын және жоғалған кірісті қамтитын 28 млн теңгені төлеуге міндеттеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық