Екі жүкті әйел коронавирустан көз жұмды
Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысы міндетін атқарушы Нариман Сыздықов брифингте Ақмола облысында ана өлімінің үш жағдайы тіркелгенін айтты, деп хабарлайды ORDA.kz тілшісі.
— Өкінішке қарай, өңірде ана өлімі бар. Бүгінгі күні-екі ана өлімі коронавируспен байланысты, қазір ана өлімінің тағы бір жағдайы №2 МОБ-да тергелуде. Егер өткен жылы пандемияға қарамастан бізде ана өлімінің үш жағдайы ғана болса, биыл толық емес үш айда екі жағдай тіркелді, бұған қоса тағы біреуі тексеріліп жатыр, - деді Н. Сыздықов.
2020 жылдың желтоқсан айында Ақмола облысында ана өлімінің үш жағдайы тіркелді: екі жағдай - Көкшетау қаласының №1 емханасында, бір жағдай – «Авиценна-Бурабай» ЖШС-де. Олардың ішінде екі жағдай COVID-19 және бір жағдай акушерлік патологиямен - эклампсиямен байланысты болды.
2020 жылы Денсаулығында ақаулығы бар, коронавирус жұқтырған 201 жүкті әйелдерге күнделікті мониторинг және босанғанға дейінгі бақылау жүргізілген. Қазіргі таңда жүктілікке қарсы көрсетілімдері бар 23 жүкті әйел есепте тұр.
— Ана өлімінің негізгі себебі жаңа белгісіз инфекциямен - CОVID-19, медициналық көмекті ұйымдастыру тарапынан кеткен кемшіліктерге байланысты: стационар деңгейіндегі жағдайды жете бағаламау, бастапқы кезеңде әлсіз ұйымдастырушылық, пандемияға байланысты медициналық көмекке қолжетімділіктің төмендеуі, - деп толықтырды басқарма басшысы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық